Эссе байқауына 14 жасқа дейінгі балалар, көркем шығарма байқауына 13 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатыса алады.
16 наурыздан 25 сәуірге дейінгі аралықта балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық "I have a dream" эссе және көркемөнер байқауы өтеді. Жобаның ұйымдастырушылары – Қазақстандағы "Шеврон" компаниясы, АҚШ-тың Бас консулдығы, American Space Almaty, "Тартпа" шығармашылық бірлестігі мен Vласть интернет-журналы.
"Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан небір қиын-қыстау кезеңді басынан өткерді. Қазір заман өте жылдам өзгереді. 1990 жылдары дүниеде келген ұрпаққа қарағанда қазіргі жасөспірімдер тәуелсіз Қазақстанда өскен. Ал сол ұрпақтың арманын қазір білсек, еліміздің болашағын да елестете аламыз. "I have a dream" жобасы Қазақстанның жаңа буынына үн беріп, оларды жақсырақ тануды көздейді. Біз оларға болашақта өмірі мен кәсіби жолын қалай елестететіні жайлы, елін, қаласын, қоғамды қалай көретіні туралы айтып беруді ұсынамыз", – дейді байқау ұйымдастырушылары.
Байқау шарттары:
- Эссе байқауына 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Шағын әңгімелер www.dreams.vlast.kz сайтында қазақ немесе орыс тілінде қабылданады. Ең қызық деген жұмыстар кітапқа басылып, сайтқа жарияланады. Жеңімпаздарға кітап, журнал және курстарға қатысу сияқты бағалы сыйлықтар беріледі.
- Көркем шығарма байқауына 13 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерден сурет, коллаж, компьютерлік графика, аппликация сияқты сан қырлы шығармашылық жұмыстар www.letsdream.kz сайтында қабылданады. Байқау жеңімпазына iPad беріледі.
- 15 мамырға дейін баспагерлер, өнер мен мәдениет қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, әлеуметтанушылар және журналистерден құралған арнайы комиссия жұмыстарды бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.
- Қатысу үшін байқау сайтында өтінім толтырып, жұмысты қоса тіркеп жіберу керек. Толық ақпаратты байқаудың арнайы порталынан білуге болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-