Тікелей эфир

Қазақстанда мүгедектікті онлайн жүйесінде тағайындау басталды. Жаңалықтарға шолу

Фото informburo.kz
Фото informburo.kz
2019 жылдан бастап босқындарға жол жүру куәліктері беріледі. Қазақстан жол апатынан әлемде алғашқы орында. Алдағы үш күнде ауа райы жылынады.

Жаңажылдық безендіру: Шымкент шығынды көбейтті. Алматы азайтты

Екі қалада да жаңа жылдық безендірулер 20 қарашадан басталады. Алматы мерекелік безендіруге биыл 75 млн теңге бөліп отыр. Бұл былтырғыдан 100 млн-ға аз. Қалада барлығы 6 үлкен шырша орнатылады. 18 желтоқсанда Абай даңғылында Бас шырша жағылатын болды.

Ал, Шымкент қаласы былтыр бюджеттен бұл мақсатқа 49 млн теңге бөлді. Биыл 70 млн теңге қарастырған.

Қазақстан арқылы транзитпен ұшатын жолушылар саны еке есе артыпты

Жолаушылардың көбі – Еуропадан Қазақстан арқылы Қытай мен Үндістанға сапарлайтындар. Мұндай жолаушылар саны былтырғымен салыстырғанда 47 пайызға артып, 764 мың жолаушыға жеткен. Жыл соңына дейін миллионнан асуы мүмкін.

ІІМ қайтыс болғандарды автоматты түрде пәтерден есептен шығаратын қызметті іске қосады

Жыл соңына дейін жасалатын жаңа қызмет Көші-қон комитетінің мәліметтер базасын жаңалауға мүмкіндік береді. Комитет төрағасының орынбасары Г.Сәрсенованың айтуынша, қазір электронды үй кітапшаларына 8,7 млн адам тіркелген. Қарашаның соңына дейін оны 11 млн-ға жеткізу жоспарланып отыр.

2019 жылдан бастап босқындарға жол жүру куәліктері беріледі

Алғашқыда құжат көші-қон қызметі басқармаларында берілетін болады. Кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізу жоспарланып отыр.

Келесі жылдан бастап сондай-ақ, Қазақстанға уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) бір сағатта берілетін болады. Бұрын олар оны салық органдарына жүгініп, бес күнде алатын. ЖСН шетелдіктерге елімізде бизнес жүргізу, келісімдер мен салық төлеу үшін қажет.

Қазақстанда мүгедектікті онлайн тағайындау басталды

Пилоттық жоба әзірге Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда 345 өтінім онлайн түрде келіп түскен. Өтінімде мүгедектердің мекен-жайы көрсетілмейді. Тәуелсіз мамандар емделушінің ауруына қатысты деректерді арнайы базаға енгізеді.

Мүгедектікті анықтау кезінде мемлекет тарапынан берілетін төлемақы мен мемлекеттік қордан әлеуметтік сақтандыру үшін тиісті құжаттар қабылданады. Мамандар жобада жемқорлықтың алдын алуға берілетін мүмкіндіктің көптігін айтады.

Сағынтаев энергия тиімділігін реттеу қарқынын қатаң сынға алды

2016 жылы Бүкіләлемдік банктің бұл салада 111 мемлекеттің арасында жүргізген рейтингінің нәтижесінде Қазақстан 32 орынға жайғасқан. Ресей бұл тізімде 18, Беларуссия 19 орында.

Үкімет басшысы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке энергия тұтынуды азайту алгоритмдерін дайындауды тапсырды.

Елімізде емханаларға тіркеу маусымы аяқталды

Медициналық ұйымды таңдау құқығын биыл 300 мыңдай қазақстандық пайдаланды. Шымкент, Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының тұрғындары емханаларды ауыстыруда біраз белсенділік танытқан.

Энергетика вице министрі Шкарупа екі айға қамауға алынды

Анатолий Шкарупа – бір жыл ішінде министрліктің сыбайлас жемқорлыққа күдікті болып танылған үшінші вице министрі. Шенеунік өткен аптада қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш жазыпты. Бұл туралы министр Қ.Бозымбаев мәлімдеді.

Қазақстанның бас прокуроры Қ.Қожамжаров энергетика вице-министрін Саран қаласында 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар деп айыптады.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Қазақстанда алдағы үш күн жылы болады. 20-22 қарашада Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі. Солтүстік облыстарда климаттық нормадан жоғары болады.

Sputniknews.kz: Дәрігерлер суды көп ішетін адамдарға өліп кетуі мүмкін екенін ескертті. Адамның екі бүйрегі сағатына 800-1000 мл суды ғана өңдей алады. Одан көбейіп кетсе, ағзадағы натрий теңгерімі бұзылып, проблема туындайды. Қан қысымын реттеуді қиындатып, ми қызметінің бұзылуына әкеледі. Мұндай жағдайда адам комаға түсіп, тіпті өліп те кетуі мүмкін

Ересек адамдар күніне 3-4 литр ғана су ішуі керек.

Baq.kz: Қазақстан жол апаты бойынша әлемде алғашқы орында. Еліміздегі апаттың деңгейі Норвегиядан 11 есе көп. "Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының бас хатшысы, "За рулем Қазақстан" журналының бас редакторы А.Алексеевтің айтуынша, Қазақстан жолдары жыл сайын 3 мыңнан аса адамның өмірін жалмайды. Тағы 3,5 мың адам жарақат алады. 2018 жылдың алты айында елімізде 6703 жол оқиғасы болған, 780 адам көз жұмған. Апатты жағдайдың басым көпшілігі Алматы қаласы мен облысында тіркелген.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары