Тікелей эфир

Ауыл шаруашылығы техникаларының ескілігі Үкіметті алаңдатып отыр

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Елімізде электр қуатымен жүретін көліктер құрастырылып жатыр ма? Қазақстан комбайндарының сапасы қандай?

Елімізде қанша түрлі техника шығады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержанов Аманиязов "Қазақстан машина жасаушыларының VII форумына" орай баспасөз мәслихатын өтіп жатқанын жеткізді. Ол:

– Машина жасау саласында 276 млрд теңгенің 114 жобасы жүзеге асырылыдп. 11 мың жұмыс орын ашылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі бірінші рет 1 трлн теңге көрсеткішінен асты. 2019 жылы өсімнің жоғары қарқыны сақталды.

Вице-министрдің айтуынша Қазақстанда әлемдегі 167 автомобиль моделі құрастырылады екен. Оның ішіндегі 39 жеңіл көліктің 22 әлемдік бренді бар. Бұл салада 2010 жылдан бастап өндіріс көлемі 8 есеге артыпты. Машина жасаудың жалпы көлеміндегі автоөнеркәсіп үлесі 2010 жылғы 4%-ға қарағанда 19,2%-ға жеткен.

Бұл кліктердің жартысына жуығы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан қатарлы елдерге шығарылады.

Қазір ірі торапты құрастырудан (DKD) ұсағын құрастыруға (CKD) көшкен компаниялар шанақтарды дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операцияларды да енгізе бастағаны айтылды.

Форумды кім қаржыландырды?

Бұл сауалға жауап берген Қазақстан машина жасаушылары одағының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев:

– Міне, екі жыл болды, форумды өткізуге министрлік 60 млн теңге қаржы бөледі. Сосын өзіміздің машина жасау саласындағы, мұнай-газ, тау-кен саласындағы шикізат өндіретін компаниялар үлесін қосты. Осылайша бірігіп қор құрып, соған өткізіп келеміз. Оған дейін тек қана "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының күшімен өткізетін, биыл да көмектесті, – деді.

Пішембаевтың айтуынша форумда аталған саланы дамытудың стратегиялық бағыттары, тәжірибе алмастыру, өндірісті ынталандыру, жас мамандардың мәртебесін арттыру, цифрландыру жағдайында жаңа тәсілдерді қолдану сияқты маңызды және өзекті тақырыптар талқыланған. Сонымен бірге, Германия, АҚШ, Жапония, Италия, Чехия, Ресей, Қытай және т. б. сияқты әлемнің 20-дан астам елінен келген шетелдік делегаттар қатыспты. Осылайша, отандық кәсіпорындар шетелге шықпай-ақ өздерінің шетелдік әріптестерімен кездесуге мүмкіндік алған.

Таза отандық көлікті жасауға 15 жыл керек болу мүмкін...

Пішембаев:

– Нөлден бастап толық отандық автокөлікті шығару үшін кемі 15 жыл керек шығар. Бұдан гөрі технологиясын сатып алып, құрастырған, – дейді.

Мәжілісмен Кореяда автомобиль өндірісіне 60 жылдан асқанын, бізде 2010 жылға дейін тіпті болмағанын айтты. Қазір бұл өндірісте алға ілгерлеу бар, қазақстандық үлес – 30%. Онда көліктерге қолданылатын жабдықтарды алу, мәселен, аккумулятор, темірлері мен сырлау секілді жұмыстарды істеп оытр.

Мейрам Пішембаевтің айтуынша, алдағы 2 жылда ішкі үлесті 50%-ға жеткізбек. Ол үшін мемлекеттік қолдаудың қатты керек екенін де жеткізді. Көлік құрастыру көлемі 2017 жылдан бері 3 есе өскен. Алда жылдық өндірісті 60, сосын 100 мыңға жеткізбек.

Отандық көліктердің бағасы неге қымбат?

Вице-министр Аманияз Ержанов:

– Расымен де көлік бөлшектері шетелдік компанияалрдан әкелініп, осында құрастырылатыны жасырын емес. Қазірше осыған мәжбүрміз.

Болашақта өз көліктерімізді жинауымыз керек. Осыған орай, жол картасы қабылданды. Одан тыс 2 жобаны іске асырып келе жатырмыз. Алда 60 мың көлік шығарамыз деген жоспар бар. Тіптен, қаржыға байланысты Еуразия банкімен келісіп жатырмыз. Келісім болып жатса жобаны іске асырамыз деп үміттенеміз, – деді.

Қазір жаңа көліктерді алу үшін мемлекеттік субсидия жоқ. Бірақ утилизация жасау үшін кезекте тұрғандар көп.

Қазақстандық "Тұлпар" көлігі

туралы Аманияз Ержанов:

– Бұл әңгіме бұрын көтерілген. Кейін қаржы көзі табылмағандықтан тоқтатылды, – деді.

Естеріңізге салайық, "Тұлпар" маркалы отандық көлікті құрастыруды 1995 жылдан бері айтып келеді. Тіптен, 1997 жылы алғашқы құрастырылған "Тұлпар" Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту етілген болатын.

Қазақстан комбайндарының сапасы жақсы

Мейрам Пішембаев:

– Қазір батыс елдерінде өндірілетін комбайндардың бағасы 120-150 миллион теңге мөлшерінде. Оны сатып ала алатын ірі шаруашылықтар бізде 15%-дай ғана. Қалған 85% отандық орташа шаруашылықтар қазақстандық "Есіл" немесе ресейлік "Вектор" комбайндарын алғысы келеді. Оның бағасы 35-37 млн теңге айналасында. Оның үстіне мемлекет тарапынан 25% субсидияланады. Бұл шаруалар үшін өте пайдалы.

Мысалы, Павлодар облысындағы кей шаруа қожалықтарының комбайндарын "Есілге" ауыстырып жатқанын көрдім.

Себебін сұрағанымда, "Батыстың қымбат комбайндары бұзылып қалса, бөлшектерін табу қиын және ол келіп болғанша көп уақыт жоғалтамыз. Сол үшін отандық комбайндарға өтіп жатырмыз" деді.

Жалпы тәжірибеге қарағанда отандық комбайндардың сапасы белорустардікінен кем емес. Өнімділігі де жақсы, – деді.

Ескі техникаларды жаңарту керек

Ауыл шаруашылығы техникалары 60 пайызы ескі. Осы мәселелерді шешу үшін не істеліп жатқаны туралы сауалға вице-министр жауап берді.

– Ол әлі талқыланып жатыр. ҚР Ұлттық экономика министрімен бірге қарастырғанбыз. Бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің өз ұсынысы бар. Ондағы басты мәселе утилизацияның пайыздық мөлшерінде. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оларға қатысты одақтардың беріп жатқан пайыздық мөлшері төмен. Мәселен, Ресейде 12%-дан жоғары. Ал біз орташа 8-10%-дық мөлшерді ұсынып отырмыз. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігі келіспей отыр. Алда келісімге келсек, жобаны үкіметке енгіземіз, – деп түйді.

Ал Пішембаев мырза елімізде 40 мыңдай ескі комбайн бар екенін айтты. 3-4 ескі комбайнды өткізіп, сертификат алып, оның орнына жаңасын беретін мүмкіндікті ойластырылып жатыр.

Пішембаев шетелден кіретін техникаларға да утильге жіберуді ұсынып отырғанын айтты.

Қазақстан вагон құрастыру зауаты тоқтап қалды ма?

Вице-министр Ержановтың айтуынша, Қазақстанда вагон құрастыру жұмысының қазірше тоқырап тұрғаны шын. Ондағы басты себеп – вагонға қажетті бөлшектер жетпейді. Мәселен, вагон құрастыруға қажетті рамалар мен темір Ресейден жеткізілмей қалған. Мәселе қайтадан қарастырылып жатыр.

Ресейде де мұндай қажеттіліктер туындағандағанын айтақн вице-министр қазір компания басшылығымен және Қазқастан Темір жолы ұлттық компаниясымен келісе отырып, жұмысты бастауға мүмкіндік тудырғанын жеткізді.

Ескі көлікті беріп жаңасын алу қиындап кетті

Осыдан бірнеше жыл бұрын ескі көлікті беріп утиль есебінен жаңамын сатып алуда жеңілдік болатын. Сонымен бірге 4% жеңілдікпен көлік несиесін алғандар болды. Қазір ондай мүмкіндікке ие болу үшін ұзақ кезек. Бұған байланысты Үкімет өкілі жауап берді.

– Көлікті несиелеуге жылына 20 млрд теңге қаржы қарастырылған. 7%-дық бұл несие екінші деңгейлі банк арқылы беріледі. Бірақ қайтып келген ақша қайтадан несиелеуге кетеді.

Бұл салаға субсидия берілмейді. Тек автонесиелер берумен көмектесеміз. Кейбір экспортқа шығарғанда берілетін жеңілдіктер бар, – деді Ержанов.

Аманияз Ержановтың айтуынша мәселе қарастырылып жатыр. Әзірше нақты шешім жоқ.

Электр қозғалтқышты көліктер сынақтан өтіп жатыр

– Қазақстанда Азия авто мен мен Сарыарқа авто өндіріс тобы электрокөлік құрастыруды қолға алмақ. Мәселен, Сарыарқа автоөндіріс тобы Қытайлық JAC маркалы электр көлігін жасап шықты, енді екіншісін сынақтан өткізіп жатыр.

Қытай 2030 жылға қарай көліктерінің 30%-ын электр қозғалтқышты көліктерге ауыстыру туралы бағдарлама қабылдаған. Ресейде де осындай бағдарлама бар. Біз де бұл мәселені қарастырып жатырмыз, – деді вице-министр.

Пішембаев Қостанайда электр мобилдік құрылғылар өндіріліп жатқынын алға тартты. Мәселен автобустарды атауға болады екен. Ал мамандар сутекті қозғалтқышты көліктер туралы айту әлі ерте деп отыр.

Тағы да "жол картасы" бекітілді

– Машина жасаушылардың VI Форумында біз дамудың кешенді жоспарын талқылаған болатынбыз. Соның нәтижесінде 2019-2024 жылдарға арналған арнайы жол картасы әзірленді, ол ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілді, – деді Аманияз Ержанов.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары