Сауалнамаға қатысушылардың 14%-ы пандемиядан кейін кейбір сабақтардың онлайн өтуіне қарсы емес.
"Касперский зертханасы" Қазақстандағы мектеп оқушыларының "мәжбүрлі" қашықтан оқу нәтижелерін шығарды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Касперский зертханасы" жүргізген сауалнамаға сәйкес, ата-аналардың 73%-ы пандемиядан кейін балалардың қашықтан оқуын қаламайды. Респонденттердің басым көпшілігі (91%) онлайн оқу сапасының нашарлауына әкеп соқтырады деп есептейді. Оған екі нәрсе себеп:
- үзіліс кезінде балаларға құрдастарымен жанды қарым-қатынастың жеткіліксіз болуы (респонденттердің 70%-ы);
- көп уақытын экран алдында өткізуге мәжбүр болуы (респонденттердің 65%-ы).
Сонымен қатар, ата-аналардың 14%-ы пандемия біткен соң кейбір сабақтардың онлайн өтуіне қарсы емес.
Оқи отырыңыз: Ата-аналардың көбі қашықтан оқуға қарсы. Олар балаларының пандемияға қарамастан неге мектепке барғанын қалайды?
"Пандемияға байланысты қашықтан оқуға мәжбүрлі түрде қысқа мерзімде көшу мектеп оқушылары үшін де, ата-аналар мен мұғалімдер үшін де оңайға соқпады. Оқу бағдарламасын тез арада жағдайда бейімдемесе бұл балалардың материалды меңгеруіне әсер етеді. Сауалнама деректеріне сүйенсек, әрбір екінші отбасындағы балалар бейімделген бағдарламамен оқыды. Дәстүрлі формат әлі күнге дейін оқытудың ең тиімді түрі болып қала береді. Сонда да біз оқу процесіне әртүрлі цифрлы және интерактивті механиканы енгізу қажет деп есептейміз. Оларды сабақтың әдеттегі барысымен алмастырмай-ақ тиімді сәтте қолдану керек", – деді "Касперский зертханасы" балалар онлайн қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Андрей Сиденко.
Бұл сауалнаманы "Касперский зертханасының" тапсырысымен 2021 жылдың ақпанында Online Market Intelligence компаниясы жүргізді. Қазақстанда оған 316 адам қатысты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-