Тікелей эфир

Астананың қоқыс алаңында өмір мен базар қайнап жатыр

informburo.kz
informburo.kz
Қоқыс алаңы Алаш тасжолының бойында. Мұнда кәдімгі бизнеспен қатар мүдде қақтығысы жүріп жатыр. Бай мен кедейдің, ақша мен оңай олжаның мекені де осы.

Әр жұмыстың өзінің қызығы мен шыжығы бар.

Қазақстанда қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтардың 2,5-3 пайызы ғана өңделеді. Ал дамыған елдерде ол 90 пайызға жеткен.


Астана қоқыс полигонының жасанды серіктен алынған орны мен суреті

Жасанды серіктен Астана қоқыс алаңының алынған орны мен суреті / informburo.kz


Астананың қоқыс орны қаланың солтүстік шығысында, көкбазар мен Астана жылу станциясының жанында, қалаға кіреберісте орналасқан. Себебі, Астана астана болмай тұрғанда, бұл – қоқыс алаңы болыпты.

Есектің артын жусаң да мал тап

Біз қоқыс алаңына барғанда әркімді суретке тартуды қаламадық. Олардың да суретке түсуге құлықтары жоқ. Олар мұнда еріккеннен жүрген жоқ, оларға ақша тауып, бала-шағасын асырау керек. Сол үшін біреулерге таба болса да, арланбайды, сондықтан тығылып, жасырынбайды да...

Бұл жерде өзіндік өмір, күрес бар, мүдде қақтығысы да жүріп жатыр. Бұл жерде қаңғыбас мүсәпір де, бай шенеунік те ақша табады.


Қоқыс алаңына кіретін қақпа осы

Қоқыс алаңына кіретін қақпа осы / Фото informburo.kz


Полигонының қақпасы. Қоқыс алаңына осы жерден кіреді.


Қақпа алдындағы қоқыстарды жинау және өңдеу барысы мен жауапты мекемелер түсіндірілген карта

Қақпа алдындағы қоқыстарды жинау және өңдеу барысы, жауапты мекемелер туралы ақпараттық тақта / Фото informburo.kz


Тақтада қоқыстарды жинау және өңдеу барысы мен жауапты мекемелер туралы мәліметтер жазылған.


Қоқыс қабылдау орнының салмағын өлшеу және тексеру бекеті

Қоқыс қабылдау орнындағы көлік салмағын өлшеу және тексеру бекеті / Фото informburo.kz


Қаладан жиналған бүкіл қоқыс осында әкелінеді. Сосын қоқыс өңдеу зауыты оларды сұрыптап алып, өңдейді. Ең соңғы мүлдем жарамсыз дегендерін полигонға апарып көмеді.


Қоқыс көму пабилоны

Қоқыс көму полигоны / Фото informburo.kz



Қоқысосы жолмен полигонүстіне тасылып,кміледі

Қоқыс осы жолмен полигон үстіне тасылып, көміледі / informburo.kz


Бай да, кедей де, ит те, құс та осында жүр

Қоқыс алаңы бай мен кедейдің арасын жалғастырып тұрған көпір секілді. Қу тірлік үшін жүрген біреуіне жаның ашиды, ал біреудің ынсапсыз тірлігіне күйінесің. Біріншісінің тірнектеп тапқаны – адал, ал екіншісінікі – адал ма, мәнсіз баю жолында қолын боққа тыққандар ма?

Кімдікі дұрыс? Байдікі ме, кедейдікі ме?

Кедейлер қоқыс алаңында қара күйелеш болып, көз алдыңда жүреді. Ал байлар үйінде жатып, осы қоқыс алаңына бөлінген субсидиялар мен әлдебір қаржыларды "игереді"...


Өоөыс көму алаңы қарғалар мекені

Қоқыс көму алаңы – қарғалар мекені / Фото informburo.kz


Жартылай ғана көмілген қоқыс алаңы. Оны қарғалар мекені деп айтуға болады. Себебі, адамдардың ішім-жемінен қалған түрлі азық-түлік қалдықтары да осында көмуге әкелінетіндіктен қарғалар үшін жеткілікті көлемде.


Құрлыс қалдықтарының арасында жүрген иттер

Қоқыс қалдықтары – иттерге де азық / Фото informburo.kz


Қоқыс төгу полигонына "Астана тазалық" МКК басқа да жүк көліктері келіп қоқыстарын тастай алады және қоқыстан жиналған, пайдалануға жарамды деп танылған заттарды тасып әкетеді.


Қоқыс полигонына кетіп бара жатқан көлік

Қоқыс полигонына кетіп бара жатқан көлік / Фото informburo.kz


Осы арада төгілген қоқыстар сұрыпталып, өңдеу зауытына әкетілуі керек.


Қоқыс өңдеу зауоты

Қоқыс өңдеу зауыты / Фото informburo.kz


Қоқыс өңдеу зауытын мұндағы жұрт басқаша атайды. Ішіне кіруге рұқсат жоқ. Сыртынан ғана суретке түсіре алдық. Әр жерде жыбырлаған техника мен қыбырлаған адам. Аула қоқысқа толы.

Қоқыс өңдеу зауотының маңдайшалығы

Қоқыс өңдеу зауытының маңдайшалығы / Фото informburo.kz


Қоқыс төгу алаңына және Астана қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының қалдық қоймасына баратын екінші жол да бекітіліп тасталған. Бірақ адамның іздері жатыр.


Қоқыс төгу және Астана қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының қалдық қоймасына баратын екінші жол бекітіліп тасталған

Қоқыс төгу алаңына баратын екінші жол / Фото informburo.kz


Қоқыстан нәпақа тауып жүргендер көп

Қоқысты осы арадан артып әкетіп, қоқыс өңдеу зауатына апарып сұрыптайды және өңдейді. Алайда қоқыс алаңында темір-терсек пен қағаз, целлофан терген адамдардың қарасы көп.

Олардың айтуынша, ел лақтырып тастаған тұрмысқа қажетті, әлі пайдалануға жарайтын заттар көп. Темірді, қағаз бен целлофанды және басқа да қолдануға болатын қоқысты іріктеп, базарға шығарып сатады. Немесе қаладағы темір, қағаз, целлофан заттарды қабылдайтын орындарға барып өткізеді.

Осылай бала-шағасын асырап отыр.


Қоқыс алаңында темір жинаушы

Қоқыс алаңында темір жинаушы / Фото informburo.kz


Қоқыс теру – "халал"

– Біз керек емес деп, лақтырып тастаған елдің заттарын кәдеге жаратып жатырмыз. Бұл – нағыз "халал бизнес", – дейді олар. – Зауытқа, үкіметтік мекемеге біздің қатысымыз жоқ. Осында келіп қоқыс жинап, оны сатып, жан бағып жүрміз. Сондықтан бет-бейнемізді ашық таратпаңыз, әрі аты-жөнімізді атамаңыз.


Қоқыс әкеліп түсіріп жатқан жүк көлігі

Қоқыс әкеліп,түсіріп жатқан жүк көлігі / Фото informburo.kz


Тиеп әкелгенін қотарған көліктегі қоқыс арасынан жаңа сойылған мал терілерін де анық көруге болады. Бұл – Астанада тері өңдеу өнеркәсібінің жоқ екенінің бір көрінісі.


Қоқыс терушілер

Қоқыс терушілер / Фото informburo.kz


Қоқыс терушілер қоқыстағы заттарды түр-түрге айырып, сұрыптап қойған.

– Жазда ыстықта қоқыс тергеннен, осындай салқын не суық кезде қоқыс терген жақсы, – дейді қоқыс жинаушылар. Өйткені жаздағы ыстықта сасық иістен тұншығып, терлеп жүріп, қоқысты аралау қиын екен. Ал қыста керісінше...

Қоқыс терушілер

Мұнда жас та кәрі де бар / Фото informburo.kz



Жинап қойылған темір-терсектер

Жинап қойылған темір-терсектер / Фото informburo.kz


Көмуге жіберілген қоқыстың ішінде де машина доңғалақтары, целлофан мен картон, темір-терсек көп кездеседі. Бұл қоқыстың алдын-ала сұрыпталып, өңделмейтіндігін көрсетеді.


Бұл жерден офис орындықтарынан тартып, төсектерге дейін тауып алуға болады

Бұл жерден кеңсе орындықтарынан бастап төсектерге дейін тауып алуға болады / Фото informburo.kz


Сұрыптау қызметін кім атқарады?

Негізі сұрыптауды қоқыс зауыты орындауы тиіс. Бірақ қоқыс алаңында жай жинаушылар көп. Оларда демалыс жоқ.


Салапандар мен этилен қоқыстар

Целлофан мен полиэтилен қоқыстар / Фото informburo.kz



Картондар мен қағаздар

Картон мен қағаз – құнды қоқыстардың бірі /Фото informburo.kz



Салапандар да жинап, қапталып тұр

Целлофанды бөлек жинап, қаптайды / Фото informburo.kz



Майдың тосықтары да жетерлік

Майдың торсықтары да жетерлік / Фото informburo.kz



Құрылыс қалдықтары

Ең көбі де, пайдасызы да – құрылыс қалдықтары /Фото informburo.kz



Осындай жарамсыз жабдықтар да бар

Жарамсыз жабдықтар да бар / Фото informburo.kz


Жарамсыз құрал-жабдық пен түрлі техника да жеткілікті

Олар да осы қоқыс полигонының жанында. "Тіптен арасынан пайдалануға жарамдыларын көптеп табуға болады", – дейді қоқыс алаңын мекендегендер.


Құрылыс қалдықтарын түсіретін кран

Құрылыс қалдықтарын түсіретін кран /Фото informburo.kz



Астана коммуналдық шаруашылық мекемесінің ескі құралдары мен техникалары, автокөліктері мен крандары да толып тұр

Астана коммуналдық шаруашылық мекемесінің жарамсыз қоқыс жәшіктері /Фото informburo.kz



Автобустар да тұр

Автокөліктер / Фото informburo.kz



Қоршау ішіндегі тұрған жармсыз техникалар

Ауыр техникалар / Фото informburo.kz



"Астана тазалықтың" техникалары да кездесті

"Астана тазалықтың" жарамсыз қалған техникалары да кездесті / Фото informburo.kz



Авто көліктер мен техникалар

"Су жаңа" НИВА автокөлігі /Фото informburo.kz



Алыстан көрінген жарамсыз техникалар

Тау болып үйілген жарамсыз техникалардың алыстан түсірілген көрінісі / Фото informburo.kz


Бұл полигонның пайдалану мерзімі 5 жылда бітеді

Суреттегі тордың арғы бетінде екі полигон көрініп тұр. Біріншісі әлдеқашан көміп тасталған. Ал алыстан көрініп тұрғаны – қазір қоқыс көміліп жатқан полигон. Қазірдің өзінде бұл да тола бастаған.


Өңдеуден қалған жарақсыз қалдықтар осы павилонда көміледі

Өңдеуден қалған жарамсыз қалдықтар осы полигонда көміледі / Фото informburo.kz



Қоқыс көмілетін палигонның ішінде жүрген техника

Қоқыс көмілетін полигонның ішінде жүрген техника / Фото informburo.kz


Полигон жабылғаннан кейін үстіне жылыжай салынады

– Мен бұл полигондар бойынша бірнеше жобаға қатысқанмын. Негізі экологиялық мәселе туындамайды деп есептеймін. Толық өңделмегенмен қоқыстар ертең көміледі. Сосын тапталады да үсті қалың топырақ қабатымен жабылады. Оның үстіне "Жылыжай" салынып, жасылдандыру жұмысы жүретін болады, – дейді "Байтақ болашақ" республикалық экологиялық альянстың атқарушы директоры, эколог Ерлан Мақажанов.

Полигонның астында жер асты көлі бар

Ерлан мырзаның айтуынша полигонның бір жақ астында жер асты көлі бар. Оны Астана су арнасы да, қаланың құзырлы мекемелері де біледі. Кезінде қоқыс алаңының асты толық дайындалғандықтан, жер асты суларына зиян келтірмейді екен-мыс.

Бірақ Астана жылу электр стансаларының күлі төгілген мұндағы полигонның сыйымдылығы аз, толып тұр. Ондағы қоқыстың көлемі нормадан асып бара жатыр. Сондықтан жер асты көліне ықпал ету мүмкін деген жорамал да жоқ емес.

Бес жылдан кейін полигон толық жабылуы керек

Полигонның қала ішіне жақын орналасқанын да айта кеткен жөн. Себебі, Астана болмай тұрғанда да қоқыс төгілген жер екен. Бұрынғы қоқыс алаңын кеңейте салған. Енді бес жыл ішінде толық міндетін өтейді екен.

Сосын басқа жерден қайтадан полигон ашылатын болады. Әзірше ол орын әлі белгіленбеген. Бұл – әкімдіктің болашақтағы жұмысы.

Енді қоқыс өңдеу зауытының жұмысын "ӨКМ" қадағалайды

Астанадағы жалпы құны 36 миллион еуроға түскен қоқыс өңдеу зауыты 20-30 пайызға істеп тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы 2017 жылы қыркүйекте қала әкімі Әсет Исекешев айтқан болатын. Үкіметтің Қаулысымен қазір зауыт жұмысын жандандыру "Оператор РОП" ЖШС-не берілді. Ол енді Қазақстан Республикасында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері − (ӨКМ)-нің операторы болып табылады.

Оператор функцияларына қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) кәдеге асыру алымын, тасымалдауды, өңдеуді, пайдалануды және кәдеге асыруды ұйымдастыру, екінші шикізатты алу жатады.

ӨКМ стратегиялық мақсаты – пайдалану тиімділігін арттыру және жаңартылмайтын табиғи ресурстардың тұтынылуын азайту арқылы тұрақты өндірістік-тұтыну жүйелерінің дамуы.

"Астана қоқыс" – "Аққу, шортан, шаян"

Астанадағы қоқыс өңдеу зауытын жобалап, салушылардың бірі Егор Зингер өзінің бір сұхбатында былай дейді: "Қоқыс тасу, өңдеу және көму жұмысы үш бөлек орындаушыға берілген. Яғни, тасушы бір жеке компания, өңдеуші тағы бір жеке компания, ал қоқыс көму алаңы тағы да бөлек".

Астанада қоқыс пен қалдықтарды тасу-шығару үшін адам басына 259,20 теңгеден алынады. Астанада бір миллионнан астам адам тұратынын және 10 мыңдаған компания бар екенін ескерсек, әр айда бірнеше жүз миллион теңге қаржы түседі.


2017 жылы қараша айындағы коммуналдық төлем қағазы

2017 жылы қараша айындағы коммуналдық төлем қағазы / informburo.kz


Дамушы және дамыған елдерде қоқысқа бөлінген қаржының 45-50 пайызы өңдеу саласына бөлінеді. Ал біздің елде керісінше екен. 65 пайыз қоқыс тасушыға, 17 пайыз өңдеуге, 18 пайыз көмуге бөлінеді.

Міне бұл өңдеу саласының тұралауына әкеп соқтырып отыр. Әзірге шешім жоқ. Бұл үш саланы бір мекемеге біріктіру керек пе? Әлде үкіметтің бақылауына өткізген дұрыс бола ма?

Қоқыстарымыз шетелге сатылып жатыр екен

Еуропа, Ресей, Жапон елдерінде қоқыс – өте үлкен байлық көзі. Ал біздегі қоқыстан теріліп алынған темір-терсектер мен қағаз-целлофандар Ресейге, Өзбекстан мен Қытайға сатылып жатқаны белгілі.

Серіктестер жаңалықтары