Театр ұжымы концерттік бағдарламаны open-air форматында әзірлеген.
Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көмегімен "Астана Опера" театрының труппасы ашық аспан астында 10-ға жуық тегін концерт береді. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала алаңдары – Мәмбетов көшесіндегі Аффари бизнес орталығының алды мен Орталық қалалық саябақтағы амфитеатр сахнасында асқақ өнермен қауыша алады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
Мәмбетов көшесіндегі Аффари бизнес орталығының алды:
- 13, 19 маусым, сағат 12:00. "Балалар сыйға тартқан өнер" концерті;
- 13 маусым, сағат 20:00. "Вокалдық музыка жауһарлары" концерті.
Орталық қалалық саябақтағы амфитеатр:
- 12-13 маусым, сағат 20:00. "Жылдың сегіз мезгілі" концерті;
- 26, 27 маусым, сағат 20:00. Опера-гала (опералық ариялар мен дуэттер, аспаптық әрі хорға арналған шығармалар);
- 5 шілде, сағат 20:00. "Дон Паскуале" екі бөлімді драма-буффасы;
- 6 шілде. Мерекелік Гала-концерт.
Оқи отырыңыз: "Астана Опера" үрмелі аспаптар квартеті халықаралық байқауда жеңіске жетті
"Шығармашылық ұжымымыз алғаш рет ашық алаңда өнер көрсеткелі тұрған жоқ. Жыл сайын Дж.Вердидің "Аида" операсы сынды ғаламат спектакльдерді ашық аспан астында орындап жүрміз. Осындай жобалар ағартушылық сипатта жасалып, қазақстандықтарды асқақ өнерге тартуға бағдарланған. Жанға жайлы әрі мерекелік көңіл-күй сыйлаймыз деген сенімдеміз. Бірқатар тосынсый әзірледік, олардың бірі – Италия, Швейцария, Жапония, Ресей мен Чехиядан келген шетелдік әртістердің өнер көрсетуі, – деді "Астана Опера" театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.
Концерттердің бағдарламасы ересектерге де, балалар аудиториясына да қызықты болатындай етіп ойластырылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
287
-
0
-
0
-
-
2💵 Атырау облысының білім беру саласында жемқорлық тәуекелі жоғары
-
291
-
0
-
0
-
-
3🚱 Астанадағы су мәселесі: Алматы ауданы әкімдігі хабарлама таратты
-
245
-
0
-
0
-
-
4🕋💵 Елордалық зейнеткер қажылыққа жинаған 16 млн теңгесін алаяққа беріп қойды
-
254
-
0
-
2
-
-
5🏛🚫 «Қайрат Сатыбалдыұлы түрмеде отырып, қонақүй сатып алды»: Антикор ақпаратқа жауап берді
-
249
-
0
-
0
-
-
6🥔 Елімізде 200 мың тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қоймалар салынады
-
265
-
0
-
0
-
-
7🛣 "Асфальтті қолмен жайған". Қызылордада 76 млн теңгеге салынып жатқан жол сапасына тұрғындардың көңілі толмайды
-
279
-
0
-
4
-
-
8🧱"Қақпадан шыққанда қабірге тап боламыз". Алматы облысында тұрғындар мазарлардың үйге тым жақын орналасқанына наразы
-
275
-
0
-
0
-
-
9🛋 Елде жиһаз бен тұрмыстық заттар 25% қымбаттады
-
270
-
0
-
1
-
-
10😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
249
-
0
-
2
-