Тікелей эфир

"Астана Опера" үрмелі аспаптар квартеті халықаралық байқауда жеңіске жетті

Astrobones квартетінің мүшелері
Astrobones квартетінің мүшелері
Байқауға барлығы 2 760 музыкант қатысқан.

"Астана Опера" симфониялық оркестрінің музыканттары, танымал Astrobones квартетінің мүшелері Фархад Болатов, Алмас Сағымбаев, Альбина Өтегенова және Ерасыл Әмешов GRAND MUSIC ART бейнежазбалары бойынша музыканттар арасындағы X халықаралық байқауда бірінші орынға ие болды.

Байқауға қатысушыларды бағалау үшін Ресейдің және басқа да шет елдердің жетекші музыканттары шақырылған. Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясы бойынша әртістердің талантын Мәскеу консерваториясының доценті, Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театры оркестрінің солисі Алексей Корнильев,  Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театры оркестрінің кларнеттер тобының концертмейстер-солисі Сергей Петров және Мәскеу консерваториясының профессоры, Шнитке атындағы МММИ профессоры, Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театры оркестрінің солисі  Эркин Юсупов бағалады.  

"Бұл жеңіс бізге үлкен шабыт берді, енді көп концерттер беруді, түрлі қызықты бағдарламалар дайындауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жоспарымызда Ресейде концерт беруді ойлап жүрміз, біздерді әлдеқашан фестивальге де шақырды, егер эпидемиологиялық ахуал мүмкіндік берсе, онда біз Қазақстанның өнерін Өзбекстанда да ұсынатын боламыз, – дейді квартеттің жетекшісі Фархад Болатов.  

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары