Алматыда Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

Екі ұйымдастырушы шартты түрде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал біреуіне 2,4 млн теңге айыппұл салынды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Finbet букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары букмекерлік қызметпен қатар Қазақстан аумағында аса ірі мөлшерде – 300 млн теңгеден астам сомада кіріс алумен заңсыз ойын бизнесімен айналысқаны анықталды.

Құмар ойындарға құқыққа қайшы ақшалай мөлшерлемелерді қабылдау Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған.

Сот үкімімен үш айыпталушы Қылмыстық кодекстің 307-бабы, яғни аса ірі мөлшерде табыс алумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушылардың екеуі шартты түрде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал бір ұйымдастырушы 2,4 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза арқалады. Қылмыстық іс бойынша 100 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражаты мен басқа да мүліктер тәркіленді.


Оқи отырыңыз: Қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша айып тағылған. "Олимп" букмекеріне қатысты сот басталды


Айта кетсек, Finbet букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметі 2019 жылдың соңында анықталған. Тексеріс кезінде олардың букмекерлік қызметтен бөлек, заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырғаны белгілі болды.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары