Бірінші кезекте қаладағы магистральды көшелер жөнделеді. Кейін шағын көшелердің ойықтары жамалады.
Биыл қаланың шұрқ тесілген көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 250 мың м2 асфальтбетон жабындысы төселеді және 40 аялдаманың "қалтасы" ретке келтіріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хаарлады.
"Қазір көшенің ойылған жерлерін жөндеу жұмыстары бірінші кезекте магистральды көшелерде жүргізілуде. Кейін біртіндеп аудандық маңызы бар көшелерге ауысатын болады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аудандық әкімдіктердің өтініштері, Полиция департаментінің, Open Almaty және басқа ұйымдар берген ұйғарымдар бойынша анықталған жағдайда тұрақты жүреді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматының 600 көшесінде жарық пайда болады
Биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 162 жұмыс орны құрылған. Құрылысқа 16 бригада және 45 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.
Қыста көше-жол жабынындағы ақаулар суық асфальтбетон қоспасын төсеу арқылы уақытша жөнделеді. Кейін көктем-жаз маусымында ыстық асфальтбетон төселеді. Қоспаның орташа тәуліктік температурасы +10, құрғақ негізде іске асады.
Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы – 3 096,8 шақырым. Көше саны – 2 746:
- магистральды маңызы бар көше саны – 385 (ұзындығы 1150 шақырым);
- жергілікті маңызы бар көше саны – 2361 (ұзындығы 1946,8 шақырым).
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💬 Депутат мүгедектігі бар жандардың проблемасын шешу үшін бірқатар ұсыныс айтты
-
244
-
0
-
1
-
-
2Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді
-
234
-
0
-
2
-
-
3«АрселорМиттал Теміртау» цехында аспалы кран құлады: зардап шеккендер жоқ
-
233
-
0
-
0
-
-
4Тағыбергеннің голы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде үздік деп танылды
-
166
-
0
-
5
-
-
5⚡️Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдің басшысы ұсталды
-
151
-
0
-
0
-
-
6⚡️Қостанай полициясы 40 жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсеткен екі бопсалаушыны ұстады
-
131
-
0
-
0
-