Ол 72 жаста болатын.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық академиялық драма театрының актрисасы ҚР Еңбек сіңірген әртісі, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінабиева дүниеден озды.
"Ұлт руханиятының аспаны қара жамылды. Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді", – деп жазды Instagram парақшасында театр режиссері Асхат Маемиров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Ол Қазақ ұлттық консерваториясының "актерлік шеберлік" факультетін бітірген.
1969-1993 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етті. 1993 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік бөліміне ауысады. 1994 жылдан бастап Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "актерлік шеберлік" мамандығынан дәріс оқыды.
Ол 1977 жылдан бері "Нан", "Қауын", "Қыз жылаған", "Жел адам", "Сіз кімсіз, К мырза?", "Біржан сал", "Айналайын", "Тоғысқан тағдырлар", "Саранша", "Ләйләнің зары", "Однажды в багажнике", "Откройте дверь, я счастье", "25 км", "Домашние войны", "Кемпір", "Зауал", "Побег из аула" фильмдерінде ойнаған. Актриса әсіресе "Тоғысқан тағдырлар" сериалындағы Роза кейіпкері арқылы танымал болды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-