Тікелей эфир

9 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 741 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 99 442-ге жетті.

9 тамыз қорытындысы

Науқастар

99 442

Сауыққандар

72 523

Көз жұмғандар

1 058 (2 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13049 9843 234
Алматы 13433 8231 164
Шымкент 5107 3842 39
Ақмола облысы 3046 2321 46
Ақтөбе облысы 3103 2317 28
Алматы облысы 4704 4008 26
Атырау облысы 10606 7736 29
ШҚО 7275 5890 66
Жамбыл облысы 3889 3144 50
БҚО 6315 5411 48
Қарағанды облысы 9422 5659 186
Қостанай облысы 3082 2431 11
Қызылорда облысы 3180 2335 8
Маңғыстау облысы 3152 2275 38
Павлодар облысы 3531 2349 28
СҚО 3539 2375 16
Түркістан облысы 3009 2356 41

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 741 адам (ауру белгілері барлар – 401, жоқтар – 340) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 163;
  • Алматы – 132;
  • Қарағанды облысы – 87;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 58.

Республика бойынша барлығы 99 442 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 72 273.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 269-ға жетті.

1-9 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 13 280 адам ауырып, 164 науқас көз жұмған (9 тамызда тіркелген науқас саны – 159, көз жұмғандар – 12).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 650 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 105 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. 20 937 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 69 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары