Тікелей эфир

9 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 102 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 108 663-ке жетті.
9 қазан қорытындысы

Науқастар

108 663

Сауыққандар

103 910

Көз жұмғандар

1 746 (04 қазан)

Нұр-Сұлтан 14183 13651 317
Алматы 14440 14137 275
Шымкент 5198 5090 71
Ақмола облысы 3518 3310 77
Ақтөбе облысы 3254 3204 35
Алматы облысы 4995 4795 62
Атырау облысы 11132 10692 69
ШҚО 8904 8385 188
Жамбыл облысы 4136 4058 61
БҚО 6880 6747 110
Қарағанды облысы 10340 9866 279
Қостанай облысы 3511 2935 20
Қызылорда облысы 3245 3117 15
Маңғыстау облысы 3355 2873 43
Павлодар облысы 3984 3798 56
СҚО 4195 3921 22
Түркістан облысы 3393 3331 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 102 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 20;
  • Нұр-Сұлтан – 13.

Республика бойынша барлығы 108 663 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 103 910.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 762-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 34 617 адам ауырып, 365 науқас көз жұмған (9 қазанда тіркелген науқас саны – 233, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 991 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 950 науқас жатыр. 1 041 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары