Тікелей эфир

7-20-25 бағдарламасымен кімдер баспана ала алады?!

Дина Ли арнайы informburo.kz үшін
Дина Ли арнайы informburo.kz үшін
Ипотекалық несиені 2018 жылдың екінші жартысынан кейін бере бастады. Оның шарттары қандай, банктерге қандай талаптар қойылған?

ҚР Ұлттық банкі 7-20-25 бағдарламасын бекітті. Әрбір отбасының баспаналы болуына мүмкіндік беретін бағдарламаның басталатындығы туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев 5 наурыз күні өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында хабарлаған болатын. Мемлекет басшысы: "әрбір жұмыс істейтін қазақстандық" бұл бағдарламаға сай қол жетімді шарттармен ипотекалық несие ала алады" деп айтты.

Informburo.kz 7-20-25 бағдарламасымен ипотеканың қалай берілетіндігін, оған кімдердің үміткер болатындығын және бағдарламаны жүзеге асыратын қаржы көздері туралы рет-ретімен айтып береді.

№1. Бағдарлама қашан басталды?

Ұлттық банктің қаулысымен "7-20-25" бағдарламасы 31 мамыр күні бекітілді. Іс жүзінде несие беру 2018 жылдың екінші жартысында басталды. Алғашқы ипотека шілде айында берілді.

№2. Бағдарлама қалай жұмыс істейді?

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық заемдарды қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерден алады (банктер тізімін мақала соңынан көруге болады). Содан кейін, бағдарламаның операторы ҚР Ұлттық банкіне қарасты "Баспана" АҚ банктерден 10 күннің ішінде несиелерді сатып алады.

Ұлттық банке қарасты "Баспана" АҚ-ның жарғылық капиталындағы 200 млрд теңге 5 жыл бойы қор нарығынан 1 трлн теңгеге дейін қаржы тартуға мүмкіндік береді. Ол үшін "Баспана" АҚ шектелмейтін инвесторлардың ортасында таратылатын құнды қағаздарды шығарады. Бұл облигациялар агенттік статусқа ие болады және инвесторлар бұлар бойынша салықтық жеңілдіктер алады.

Нарықтан түскен қаржыға "Баспана" екінші деңгейлі банктерден ипотекалық заемдарды сатып алады. Қайта келген қаржыға екінші деңгейлі банктер қайтадан ипотекалық несиелер береді.

№3. Ипотека қандай шарттармен беріледі

Ипотека "алғашқы" баспанаға, яғни тек жаңа баспананы сатып алуға беріледі.

Заемдардың негізгі шарттары бұған дейін жарияланған:

  • Жылдық номиналды сыйақы жарнасы – 7%;
  • Бастапқы жарна – баспана құнының 20 пайызы;
  • Шектік мерзім – 20 жыл.

Банктер ипотеканы тек теңгемен береді. Бұл ретте сатып алынатын баспананың шектік бағасы әр өңірде әр түрлі:

  • Астана, Алматы, Актау, Атырау – 25 млн тенгеге дейін;
  • Өзге өңірлерде – 15 млн теңгеге дейін;

Сатып алынатын баспананың өзі кепілге қойылады. Пәтерді немесе оны алатын адамды сақтандыру міндетті емес. Сақтандыруды банктерге жасауға мүмкіндік берілген, бірақ өз қаржысы есебінен. Заемды рәсімдеп бергенде алушылардан комиссия алынбайды.

№4. Ипотеканы кімдер ала алады?

Қарыз алушылыраға Ұлттық банк бірнеше нақты талаптар қойған:

1. Еңбек орнынан немесе кәсіпкерліктен келетін кірістеріңіздің болуы және оны растау қажет. Бұл үшін: зейнатақы қорынан, кірістер туралы жұмыс орнынан анықтама, жеке бас табыс салығының төленгені туралы салықтық декларация немесе ипотека шарты бойынша қарыз алушының міндеттерін орындай алатындығы туралы өзге де құжат.

2. Төленіп бітпеген ипотекалық заем.

3. ҚР аумағында атыңызда тіркелген баспана болмауы керек. Бірақ, отбасындағы әрбір адамға шаққанда ауданы 15 шаршы метрден аз болса, жатақханадағы бөлме мен құлайын деп тұрған апатты үйлер шектеуге жатпайды. Апатты үй болса, жергілікті әкімдіктен анықтама әкеліп растау қажет.

№5. Ипотеканы қалай алуға болады?

Ипотеканы беру немесе бермеу туралы шешімді банктер өзінің ішкі құжаттарына және жоғарыда аталған Ұлттық банктің талаптарына сай қабылдайды.

Ипотеканы бергеннен кейін 10 күн ішінде оны бағдаралама операторы "Баспана" АҚ сатып алады. Алайда қарыз алушының несиесі туралы барлық операцияларды несие алған банк арқылы жүргізеді.

Ипотека шартында көрсетілген тиімді жылдық сыйақы мөлшері жылдық номиналды ставка 7% өзгеше болуы мүмкін. Бұл банктің заем құнын жылдық тиімді сыйақы мөлшерімен есептейтіндігімен түсіндіріледі. Қалай болғанда да қарыз алушы тек номиналды ставка бойынша төлейді.

№6. Бағдарламаға қай банктер қатысады?

7 банк бағдарламаның серіктесі болып танылды:

  • Центркредит банкі;
  • Халық банк;
  • Евразиялық Банк;
  • АТФ Банкі;
  • Цесна Банк;
  • RBK Bank;
  • Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі.

2018 жыл соңына дейін :

  • Сбербанк;
  • Форте банк қосылуға дайын.

Банктерді келесі талаптар бойынша таңдап алады:

  • Сенім білдірушінің мүддесі мен тапсырмасына сай ипотекалық заемдарды талап ету құқығымен сенімді басқаруға лицензиясының болуы;
  • Standard&Poor's агенттігінің немесе Moody’s Investors Service және Fitch агенттіктерінің Халықаралық шкаласы бойынша ұзақ мерзімді "В" рейтингісінен кем емес рейтингісінің болуы;
  • Қазақстандық банк секторындағы активтер жиынтығының 3% кем емес үлесінің болуы;
  • Ұлттық банктің банк секторы қаржылық тұрақтылығы бағдарламасының қатысушысы болу.

Банктердің аталған талаптарға сәйкестігін бағдарлама операторы – "Баспана" АҚ тексеретін болады.

Авторы Юрий Масанов

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары