Тікелей эфир

5 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 76 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 106 301-ге жетті.

5 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

106 301

Сауыққандар

99 523

Көз жұмғандар

1 588 (31 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13886 13473 306
Алматы 14272 13774 265
Шымкент 5181 4498 62
Ақмола облысы 3418 3102 71
Ақтөбе облысы 3223 3019 35
Алматы облысы 4905 4749 49
Атырау облысы 10952 10329 58
ШҚО 8279 8045 150
Жамбыл облысы 4096 3569 56
БҚО 6777 6211 97
Қарағанды облысы 10142 9522 264
Қостанай облысы 3431 2877 12
Қызылорда облысы 3231 3101 12
Маңғыстау облысы 3334 2612 40
Павлодар облысы 3854 3367 48
СҚО 3981 3915 19
Түркістан облысы 3339 3160 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 76 адам (ауру белгілері барлар – 45, жоқтар – 31) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 17;
  • Алматы – 10.

Республика бойынша барлығы 106 301 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 99 523.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 627-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 27 623 адам ауырып, 310 науқас көз жұмған (5 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 423, көз жұмғандар – 3).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары