Тікелей эфир

5 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 60 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 108 296-ға жетті.
5 қазан қорытындысы

Науқастар

108 236

Сауыққандар

103 367

Көз жұмғандар

1 725 (28 қыркүйек)

Нұр-Сұлтан 14134 13649 316
Алматы 14403 14107 275
Шымкент 5191 4987 68
Ақмола облысы 3504 3281 77
Ақтөбе облысы 3252 3198 35
Алматы облысы 4983 4795 62
Атырау облысы 11106 10535 69
ШҚО 8835 8385 175
Жамбыл облысы 4130 4047 61
БҚО 6870 6747 109
Қарағанды облысы 10314 9837 277
Қостанай облысы 3500 2924 19
Қызылорда облысы 3244 3115 15
Маңғыстау облысы 3343 2734 43
Павлодар облысы 3955 3777 56
СҚО 4152 3921 22
Түркістан облысы 3380 3328 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 16;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 9.

Республика бойынша барлығы 108 296 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 103 367.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 749-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 33 615 адам ауырып, 361 науқас көз жұмған (5 қазанда тіркелген науқас саны – 7, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 180 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 851 науқас жатыр. 1 329 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары