Тікелей эфир

30 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 71 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 107 979-ға жетті.
30 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

107 979

Сауыққандар

102 937

Көз жұмғандар

1 725 (28 қыркүйек)

Нұр-Сұлтан 14107 13644 316
Алматы 14390 14101 275
Шымкент 5189 4838 68
Ақмола облысы 3487 3250 77
Ақтөбе облысы 3249 3180 35
Алматы облысы 4969 4794 62
Атырау облысы 11093 10524 69
ШҚО 8751 8385 175
Жамбыл облысы 4125 4047 61
БҚО 6863 6746 109
Қарағанды облысы 10274 9780 277
Қостанай облысы 3490 2922 19
Қызылорда облысы 3242 3111 15
Маңғыстау облысы 3340 2612 43
Павлодар облысы 3930 3755 56
СҚО 4102 3921 22
Түркістан облысы 3378 3327 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 75 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 16;
  • Нұр-Сұлтан – 10.

Республика бойынша барлығы 107 979 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 102 937.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 734-ке жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 32 978 адам ауырып, 355 науқас көз жұмған (30 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 179, көз жұмғандар – 2).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 308 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 59 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 813 науқас жатыр. 1 495 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары