Тікелей эфир

3 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 89 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 106 121-ге жетті.

3 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

106 121

Сауыққандар

98 585

Көз жұмғандар

1 588 (31 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13864 13463 306
Алматы 14248 13624 265
Шымкент 5175 4498 62
Ақмола облысы 3410 3090 71
Ақтөбе облысы 3221 3009 35
Алматы облысы 4900 4604 49
Атырау облысы 10940 10284 58
ШҚО 8243 7968 150
Жамбыл облысы 4093 3569 56
БҚО 6767 6175 97
Қарағанды облысы 10126 9513 264
Қостанай облысы 3425 2872 12
Қызылорда облысы 3231 3101 12
Маңғыстау облысы 3334 2612 40
Павлодар облысы 3845 3134 48
СҚО 3971 3915 19
Түркістан облысы 3328 3154 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 89 адам (ауру белгілері барлар – 68, жоқтар – 21) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 16;
  • Нұр-Сұлтан – 13.

Республика бойынша барлығы 106 121 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 98 585.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 612-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 26 803 адам ауырып, 305 науқас көз жұмған (3 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 481, көз жұмғандар – 4).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 924 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 119 науқас жатыр. 2 805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары