Панно салмағы – 450 келі, биіктігі – 3,4 метр, ені – 2,8 метр. 6 оқушы оны 8 сағатта жасаған.
Семей қаласында оқушылар 3 мың рубик текшесінен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның панно портретін жасап шықты, деп хабарлайды Информбюро ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қолға алынған бастамаға Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мұрындық болып отыр.
Оқи отырыңыз: Алаш арысы Әлихан Бөкейханның есімі Теміртау орталық мешітіне берілді
"Бұған дейін "Қазақстан спидкубинг федерациясы» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің 9 мамырда мерген қыз Әлия Молдағұлованың портретін рубик текшесінен жасағанын көрген болатынбыз. Сөйтіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның портретін жасату жайлы ой туды. Бұндағы мақсат – Алаш ардақтысын өскелең ұрпаққа насихаттау, жастарға мессендж жасау", – деді университеттің гуманитарлық факультет деканының орынбасары Азамат Азатов.
Оның айтуынша, панно портретке 3 мың рубик текшесі кеткен. Салмағы – 450 келі, биіктігі – 3,4 метр, ені – 2,8 метр. 6 оқушы оны 8 сағатта жасап шығыпты.
Оқи отырыңыз: Алаш зиялыларына ескерткіш орнатуға не кедергі?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркиядағы жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтады
-
254
-
2
-
2
-
-
2🇰🇿 Биыл 1539 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
216
-
0
-
4
-
-
3🚨Қазақстандық ТЖМ құтқарушылары Түркияға аттанды
-
192
-
0
-
2
-
-
4📣 Қазақстандықтар депозит бойынша 10 пайыз өтемақыны наурыз айында алады
-
182
-
1
-
1
-
-
5"Қарды ерітіп жуынамыз". Алматының Ақжарында ауыз су неге тоқтады?
-
105
-
0
-
0
-
-
6Асхат Аймағамбетов: "Бізге бәсекеге қабілетті білім керек "
-
103
-
0
-
0
-
-
7📲 4% автонесие: Наурызда телефон арқылы өтініш беруге бола ма?
-
73
-
1
-
0
-