Тікелей эфир

3 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 71 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 108 177-ге жетті.
3 қазан қорытындысы

Науқастар

108 177

Сауыққандар

103 205

Көз жұмғандар

1 725 (28 қыркүйек)

Нұр-Сұлтан 14126 13648 316
Алматы 14397 14102 275
Шымкент 5191 4945 68
Ақмола облысы 3496 3281 77
Ақтөбе облысы 3252 3196 35
Алматы облысы 4981 4794 62
Атырау облысы 11101 10529 69
ШҚО 8805 8385 175
Жамбыл облысы 4128 4047 61
БҚО 6868 6747 109
Қарағанды облысы 10295 9802 277
Қостанай облысы 3496 2924 19
Қызылорда облысы 3244 3113 15
Маңғыстау облысы 3341 2673 43
Павлодар облысы 3943 3771 56
СҚО 4134 3921 22
Түркістан облысы 3379 3327 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 71 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 18;
  • Нұр-Сұлтан – 14.

Республика бойынша барлығы 108 106 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 103 205.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 743-ке жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 33 571 адам ауырып, 358 науқас көз жұмған (3 қазанда тіркелген науқас саны – 193, көз жұмғандар тіркелген жоқ).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 229 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары