Тікелей эфир

29 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 75 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 107 908-ге жетті.
29 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

107 908

Сауыққандар

102 874

Көз жұмғандар

1 725 (28 қыркүйек)

Нұр-Сұлтан 14097 13644 316
Алматы 14386 14100 275
Шымкент 5189 4807 68
Ақмола облысы 3487 3250 77
Ақтөбе облысы 3246 3177 35
Алматы облысы 4966 4793 62
Атырау облысы 11086 10522 69
ШҚО 8735 8385 175
Жамбыл облысы 4125 4047 61
БҚО 6860 6746 109
Қарағанды облысы 10268 9779 277
Қостанай облысы 3488 2916 19
Қызылорда облысы 3242 3102 15
Маңғыстау облысы 3340 2612 43
Павлодар облысы 3923 3751 56
СҚО 4096 3921 22
Түркістан облысы 3374 3322 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 75 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 22;
  • Нұр-Сұлтан – 16.

Республика бойынша барлығы 107 908 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 102 874.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 731-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 32 799 адам ауырып, 353 науқас көз жұмған (29 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 299, көз жұмғандар – 2).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 303 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 56 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 881 науқас жатыр. 1 422 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 90 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары