Тікелей эфир

29 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 126 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 105 684-ке жетті.

29 тамыз қорытындысы

Науқастар

105 684

Сауыққандар

96135

Көз жұмғандар

1 523 (25 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13819 12855 303
Алматы 14210 12908 252
Шымкент 5174 4442 61
Ақмола облысы 3380 3046 67
Ақтөбе облысы 3217 2998 35
Алматы облысы 4892 4597 43
Атырау облысы 10905 10258 48
ШҚО 8161 7865 138
Жамбыл облысы 4079 3569 55
БҚО 6744 6085 94
Қарағанды облысы 10067 9472 259
Қостанай облысы 3400 2841 12
Қызылорда облысы 3231 3064 10
Маңғыстау облысы 3334 2612 40
Павлодар облысы 3828 2859 43
СҚО 3929 3612 19
Түркістан облысы 3314 3052 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 126 адам (ауру белгілері барлар – 74, жоқтар – 52) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 24;
  • Қарағанды облысы – 17.

Республика бойынша барлығы 105 684 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 96135.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 581-ге жетті.

1-29 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 25 658 адам ауырып, 284 науқас көз жұмған (29 тамызда тіркелген науқас саны – 543, көз жұмғандар – 2).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 968 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 33 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 843 науқас жатыр. 4 125 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 213 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 37 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары