Тікелей эфир

28 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 58 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 107 833-ке жетті.
28 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

107 833

Сауыққандар

102 805

Көз жұмғандар

1 699 (22 қыркүйек)

Нұр-Сұлтан 14081 13643 314
Алматы 14381 14100 272
Шымкент 5189 4760 67
Ақмола облысы 3486 3250 77
Ақтөбе облысы 3244 3174 35
Алматы облысы 4963 4793 62
Атырау облысы 11081 10522 65
ШҚО 8713 8385 170
Жамбыл облысы 4125 4047 59
БҚО 6857 6746 106
Қарағанды облысы 10263 9779 275
Қостанай облысы 3486 2915 17
Қызылорда облысы 3242 3102 15
Маңғыстау облысы 3340 2612 42
Павлодар облысы 3917 3751 56
СҚО 4091 3919 21
Түркістан облысы 3374 3307 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 58 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 21;
  • Нұр-Сұлтан – 6;
  • Павлодар облысы – 6.

Республика бойынша барлығы 107 833 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 102 805.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 725-ке жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 32 500 адам ауырып, 351 науқас көз жұмған (28 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 10, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 300 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары