Тікелей эфир

28 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 268 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 111 100-ге жетті.
28 қазан қорытындысы

Науқастар

111 100

Сауыққандар

106 059

Көз жұмғандар

1 825 (25 қазан)

Нұр-Сұлтан 14510 13793 318
Алматы 14693 14203 283
Шымкент 5231 5152 72
Ақмола облысы 3664 3378 77
Ақтөбе облысы 3293 3232 35
Алматы облысы 5112 4819 62
Атырау облысы 11270 11061 73
ШҚО 9360 8397 237
Жамбыл облысы 4180 4084 61
БҚО 6992 6817 117
Қарағанды облысы 10532 10066 280
Қостанай облысы 3608 3194 23
Қызылорда облысы 3259 3120 15
Маңғыстау облысы 3391 3280 45
Павлодар облысы 4196 3974 56
СҚО 4400 4139 25
Түркістан облысы 3409 3349 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 268 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 139;
  • Нұр-Сұлтан – 33.

Республика бойынша барлығы 111 100 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 106 059.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 840-қа жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 37 379 адам ауырып, 397 науқас көз жұмған (28 қазанда тіркелген науқас саны – 174, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 201 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 287 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 289 науқас жатыр. 912 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 117 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар елге ПТР-тест анықтамасыз орала алады

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары