Тікелей эфир

27 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 148 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 110 832-ге жетті.
27 қазан қорытындысы

Науқастар

110 832

Сауыққандар

105 883

Көз жұмғандар

1 825 (25 қазан)

Нұр-Сұлтан 14447 13759 318
Алматы 14681 14188 283
Шымкент 5229 5129 72
Ақмола облысы 3654 3352 77
Ақтөбе облысы 3291 3227 35
Алматы облысы 5107 4819 62
Атырау облысы 11266 11057 73
ШҚО 9221 8385 237
Жамбыл облысы 4177 4084 61
БҚО 6983 6800 117
Қарағанды облысы 10522 10045 280
Қостанай облысы 3601 3187 23
Қызылорда облысы 3253 3120 15
Маңғыстау облысы 3391 3280 45
Павлодар облысы 4184 3969 56
СҚО 4387 4133 25
Түркістан облысы 3408 3349 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 148 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 24;
  • Нұр-Сұлтан – 24.

Республика бойынша барлығы 110 832 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 105 883.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 835-ке жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 37 205 адам ауырып, 395 науқас көз жұмған (27 қазанда тіркелген науқас саны – 369, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 114 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 275 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 267 науқас жатыр. 847 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 126 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Ел халқының 15 пайызы – қауіп тобында. Қараша-желтоқсанда коронавирус қаупі күшейеді


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары