26 тамыз қорытындысы |
Науқастар 105 243 |
Сауыққандар 94 713 |
Көз жұмғандар 1 523 (25 тамыз) |
Нұр-Сұлтан | 13784 | 12667 | 303 |
Алматы | 14144 | 12848 | 252 |
Шымкент | 5169 | 4425 | 61 |
Ақмола облысы | 3358 | 2990 | 67 |
Ақтөбе облысы | 3210 | 2988 | 35 |
Алматы облысы | 4889 | 4590 | 43 |
Атырау облысы | 10874 | 10206 | 48 |
ШҚО | 8088 | 7562 | 138 |
Жамбыл облысы | 4068 | 3561 | 55 |
БҚО | 6722 | 6005 | 94 |
Қарағанды облысы | 10016 | 9291 | 259 |
Қостанай облысы | 3373 | 2793 | 12 |
Қызылорда облысы | 3231 | 3024 | 10 |
Маңғыстау облысы | 3330 | 2612 | 40 |
Павлодар облысы | 3807 | 2774 | 43 |
СҚО | 3894 | 3390 | 19 |
Түркістан облысы | 3286 | 2987 | 44 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 168 адам (ауру белгілері барлар – 83, жоқтар – 85) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Шығыс Қазақстан облысы – 24;
- Нұр-Сұлтан – 21.
Республика бойынша барлығы 105 243 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 94 713.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 554-ке жетті.
1-26 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 24 101 адам ауырып, 271 науқас көз жұмған (26 тамызда тіркелген науқас саны – 558, көз жұмғандар – 3).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 976 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 548 науқас жатыр. 4 428 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 267 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 47 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.