Тікелей эфир

25 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 69 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 107 659-ға жетті.
25 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

107 659

Сауыққандар

102 530

Көз жұмғандар

1 699 (22 қыркүйек)

Нұр-Сұлтан 14064 13639 314
Алматы 14367 14084 272
Шымкент 5188 4637 67
Ақмола облысы 3476 3250 77
Ақтөбе облысы 3240 3097 35
Алматы облысы 4957 4793 62
Атырау облысы 11072 10518 65
ШҚО 8661 8385 170
Жамбыл облысы 4122 4047 59
БҚО 6852 6744 106
Қарағанды облысы 10251 9742 275
Қостанай облысы 3478 2914 17
Қызылорда облысы 3242 3102 15
Маңғыстау облысы 3338 2612 42
Павлодар облысы 3901 3744 56
СҚО 4076 3919 21
Түркістан облысы 3374 3303 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 69 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 17;
  • Нұр-Сұлтан – 14.

Республика бойынша барлығы 107 659 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 102 530.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 719-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 32 223 адам ауырып, 347 науқас көз жұмған (25 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 232, көз жұмғандар тіркелген жоқ).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 410 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 809 науқас жатыр. 1 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары