Тікелей эфир

25 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 173 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 105 075-ке жетті.

25 тамыз қорытындысы

Науқастар

105 075

Сауыққандар

93 990

Көз жұмғандар

1 523 (25 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13763 12646 303
Алматы 14129 12701 252
Шымкент 5169 4425 61
Ақмола облысы 3350 2990 67
Ақтөбе облысы 3207 2984 35
Алматы облысы 4883 4586 43
Атырау облысы 10862 10195 48
ШҚО 8064 7249 138
Жамбыл облысы 4066 3561 55
БҚО 6712 5939 94
Қарағанды облысы 9997 9214 259
Қостанай облысы 3365 2784 12
Қызылорда облысы 3229 3024 10
Маңғыстау облысы 3327 2612 40
Павлодар облысы 3797 2728 43
СҚО 3883 3370 19
Түркістан облысы 3272 2982 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 173 адам (ауру белгілері барлар – 98, жоқтар – 75) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 27;
  • Алматы – 21.

Республика бойынша барлығы 105 075 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 93 990.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 544-ке жетті.

1-25 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 23 543 адам ауырып, 268 науқас көз жұмған (25 тамызда тіркелген науқас саны – 781, көз жұмғандар – 7).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 49 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 786 науқас жатыр. 4 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 305 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 56 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары