Тікелей эфир

21 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 67 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 107 374-ке жетті.
21 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

107 374

Сауыққандар

102 064

Көз жұмғандар

1 671 (13 қыркүйек)

Нұр-Сұлтан 14009 13634 314
Алматы 14353 14013 270
Шымкент 5187 4588 66
Ақмола облысы 3462 3250 77
Ақтөбе облысы 3237 3044 35
Алматы облысы 4947 4792 62
Атырау облысы 11051 10503 60
ШҚО 8577 8317 164
Жамбыл облысы 4119 4008 56
БҚО 6843 6643 102
Қарағанды облысы 10231 9723 272
Қостанай облысы 3468 2906 16
Қызылорда облысы 3240 3101 15
Маңғыстау облысы 3338 2612 41
Павлодар облысы 3890 3724 55
СҚО 4055 3919 20
Түркістан облысы 3367 3287 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңір: Шығыс Қазақстан облысы – 30.

Республика бойынша барлығы 107 374 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 102 064.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 703-ке жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 31 168 адам ауырып, 345 науқас көз жұмған (21 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 20, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 611 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 897 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары