Тікелей эфир

2025 жылы шекара маңындағы өңірлерде тұратын халықтың 95%-ы отандық радиоарналарды тыңдай алады

2021 жылдың соңына дейін шекара маңындағы өңірлерде 107 радиотаратқыштар орнатылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ел алдындағы кезекті есеп беру барысында айтты. Министр өткен жылдың министрлік үшін ақпараттық-идеологиялық жұмыс саласындағы негізгі бағыттың сабақтастығын бекіту мерзімі ғана емес, сонымен қатар, жаңа бастамаларды іске асырудың бастауы болғанын жеткізді.

Былтыр елдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өте қиын жыл болды. Жарнамалық кірістердің шектеулігі мен қысқаруына байланысты БАҚ үлкен қаржылық қиындықтарға тап болды. Сондықтан, бірінші кезекте біз дағдарыстың салдарын жою бойынша жүйелі жұмысқа кірістік. Президенттің тапсырмасы бойынша және Үкіметтің қолдауымен мемлекет теңдессіз қолдау көрсетті, соның арқасында көптеген жеке БАҚ өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды.

"Жалпы, 2020 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру 88 БАҚ арқылы сәтті жүзеге асырылды. Олардың күшімен COVID-2019-ға қарсы іс-қимыл және вирустың таралуының алдын алу жөніндегі шараларды ақпараттық түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 250-ден астам бейнеролик шығарылды. "Ел арна" және "Балапан" телеарналарының эфирінде "онлайн сабақтар" трансляциясы қамтамасыз етілді, бұл біздің балаларымызға инфекция жұқтыру қаупінсіз мектептерде үздіксіз білім алуға мүмкіндік берді", – деді ол.


Оқи отырыңыз: "Әлеуметтік көмек алу үшін ажырасып жатқандар көп". Қоғам дамуында қандай өзгерістер бар?


Сонымен қатар, министр еліміздің басты ақпараттық ресурстарды оңтайландыру мен жаңғыртуға тікелей әсер еткен жаңалықтарға да қысқаша тоқталды.

Отандық баспасөз саласындағы маңызды оқиға – "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" ірі басылымдарының бірігуі болды. Сол сияқты 2021 жылдың соңына дейін мемлекеттік баспа басылымдары "Егемен Қазақстан" РГ АҚ мен "Қазақ газеттері" ЖШС біріктіріп, "Қазақ газеттері" бірыңғай брендімен жұмыс істейтін болады.

"Бұл шаралар мемлекеттік баспа басылымдарына жаңа бірлескен жобаларды бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді", – деді Балаева.

Ол сонымен қатар, жылдың тағы бір маңызды оқиғасы – елдегі ғасырлық тарихы бар БАҚ "Қазақ радиосының" ғасырлық мерейтой екенін айтты.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда "Қазақ радиосының" бағдарламалары бүкіл ел бойынша таралады, хабар тарату ел аумағының шамамен 90%-ын қамтиды. Жақын арада еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында "Қазақ радиосының" аудиториясын ашу және Орынбор қаласында (РФ) ескерткіш тақта орнату көзделген. Ең бастысы – 2021 жылдың соңына дейін шекара маңындағы өңірлерде 107 радиотаратқыштар орнатылады, бұл Qazaq radiosy мен Шалқар радиосының хабар таратуын қамтамасыз етеді.

"Нәтижесінде, 630 мыңнан астам адам тұратын Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы аумақтарының 400-ден астам ауылы отандық радиоарналардың хабарларын тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Жалпы, жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 2025 жылы радиобағдарламалармен шекара маңындағы өңірлерде тұратын халықтың 95%-на дейін қамтылатын болады", – деді министр.

Президенттің ақпараттық контентті идеологиялық толықтыру жөніндегі өзекті тапсырмалары аясында отандық телеарналар да белсенді шаралар қабылдап жатыр. Атап айтқанда, 2021 жылы тарихи бағыттағы сериалдық өнімдерді шығару бойынша жұмыс басталды, бұл аталған тақырыптың үлесін 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап "Qazaqstan" РТРК" АҚ құрамында Аbai TV телеарнасында хабар тарату ұйымдастырылды. 

"Балапан" телеарнасында Жапония мен Оңтүстік Корея шеберлері Кәсіптік оқыту жүргізетін ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған аннимациялық мектеп алғаш рет іске қосылды. Осының барлығы отандық теле-радиохабарлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, онда басты шарт бәсекеге қабілеттілік болып қала береді", – деді Аида Ғалымқызы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары