Тікелей эфир

20 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 45 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 107 307-ге жетті.
20 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

107 307

Сауыққандар

101 941

Көз жұмғандар

1 671 (13 қыркүйек)

Нұр-Сұлтан 14004 13623 314
Алматы 14349 14011 270
Шымкент 5186 4581 66
Ақмола облысы 3460 3230 77
Ақтөбе облысы 3237 3042 35
Алматы облысы 4947 4785 62
Атырау облысы 11047 10503 60
ШҚО 8547 8296 164
Жамбыл облысы 4116 4008 56
БҚО 6840 6607 102
Қарағанды облысы 10227 9722 272
Қостанай облысы 3465 2903 16
Қызылорда облысы 3238 3101 15
Маңғыстау облысы 3337 2612 41
Павлодар облысы 3890 3723 55
СҚО 4051 3918 20
Түркістан облысы 3366 3276 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 45 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 18;
  • Нұр-Сұлтан – 6.

Республика бойынша барлығы 107 307 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 101 941.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 699-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 31 148 адам ауырып, 344 науқас көз жұмған (20 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 62, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 97 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары