Тікелей эфир

2 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 88 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 106 032-ге жетті.

2 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

106 032

Сауыққандар

97 967

Көз жұмғандар

1 588 (31 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13851 13192 306
Алматы 14238 13588 265
Шымкент 5175 4498 62
Ақмола облысы 3405 3085 71
Ақтөбе облысы 3221 3009 35
Алматы облысы 4898 4604 49
Атырау облысы 10931 10278 58
ШҚО 8227 7968 150
Жамбыл облысы 4089 3569 56
БҚО 6765 6142 97
Қарағанды облысы 10118 9511 264
Қостанай облысы 3422 2868 12
Қызылорда облысы 3231 3101 12
Маңғыстау облысы 3334 2612 40
Павлодар облысы 3841 2879 48
СҚО 3964 3915 19
Түркістан облысы 3322 3148 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 88 адам (ауру белгілері барлар – 55, жоқтар – 33) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 18;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 14.

Республика бойынша барлығы 106 032 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 97 967.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 600-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 26 322 адам ауырып, 301 науқас көз жұмған (2 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 571, көз жұмғандар – 6).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 459 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары