17 қыркүйек қорытындысы |
Науқастар 107 056 |
Сауыққандар 101 610 |
Көз жұмғандар 1 671 (13 қыркүйек) |
Нұр-Сұлтан | 13987 | 13620 | 314 |
Алматы | 14336 | 13972 | 270 |
Шымкент | 5183 | 4524 | 66 |
Ақмола облысы | 3454 | 3203 | 77 |
Ақтөбе облысы | 3234 | 3037 | 35 |
Алматы облысы | 4946 | 4783 | 62 |
Атырау облысы | 11033 | 10487 | 60 |
ШҚО | 8483 | 8248 | 164 |
Жамбыл облысы | 4112 | 4008 | 56 |
БҚО | 6833 | 6537 | 102 |
Қарағанды облысы | 10214 | 9675 | 272 |
Қостанай облысы | 3458 | 2900 | 16 |
Қызылорда облысы | 3236 | 3101 | 15 |
Маңғыстау облысы | 3337 | 2612 | 41 |
Павлодар облысы | 3886 | 3717 | 55 |
СҚО | 4039 | 3918 | 20 |
Түркістан облысы | 3363 | 3268 | 46 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 78 адам тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Нұр-Сұлтан – 25;
- Шығыс Қазақстан облысы – 20.
Республика бойынша барлығы 107 134 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 101 610.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 689-ға жетті.
1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 30 579 адам ауырып, 337 науқас көз жұмған (17 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 242, көз жұмғандар – 2).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 835 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 967 науқас жатыр. 1 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.