17 тамыз қорытындысы |
Науқастар 103 033 |
Сауыққандар 84445 |
Көз жұмғандар 1 415 (17 тамыз) |
Нұр-Сұлтан | 13613 | 10353 | 287 |
Алматы | 13916 | 11350 | 220 |
Шымкент | 5152 | 4325 | 53 |
Ақмола облысы | 3249 | 2810 | 61 |
Ақтөбе облысы | 3170 | 2908 | 35 |
Алматы облысы | 4828 | 4202 | 41 |
Атырау облысы | 10731 | 10039 | 45 |
ШҚО | 7833 | 6488 | 121 |
Жамбыл облысы | 4009 | 3423 | 53 |
БҚО | 6561 | 5537 | 86 |
Қарағанды облысы | 9788 | 7039 | 254 |
Қостанай облысы | 3276 | 2700 | 11 |
Қызылорда облысы | 3213 | 2817 | 9 |
Маңғыстау облысы | 3270 | 2547 | 39 |
Павлодар облысы | 3692 | 2545 | 37 |
СҚО | 3774 | 2549 | 19 |
Түркістан облысы | 3171 | 2813 | 44 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 267 адам (ауру белгілері барлар – 144, жоқтар – 123) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Алматы – 39;
- Нұр-Сұлтан – 35;
- Қарағанды облысы – 32;
- Шығыс Қазақстан облысы – 30.
Республика бойынша барлығы 103 300 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 84 445.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 431-ге жетті.
1-17 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 18 673 адам ауырып, 220 науқас көз жұмған (17 тамызда тіркелген науқас саны – 67, көз жұмғандар – 2).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 17 424 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 94 өскіншек бала бар. Стационарларда 8 015 науқас жатыр. 9 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 389 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 107 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 69 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.