Тікелей эфир

15 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 409 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 102 696-ға жетті.

15 тамыз қорытындысы

Науқастар

102 696

Сауыққандар

81558

Көз жұмғандар

1 269 (10 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13544 10219 267
Алматы 13826 10619 195
Шымкент 5146 4292 47
Ақмола облысы 3212 2676 55
Ақтөбе облысы 3165 2613 31
Алматы облысы 4818 4113 34
Атырау облысы 10707 9612 35
ШҚО 7767 6396 94
Жамбыл облысы 3989 3402 51
БҚО 6537 5515 71
Қарағанды облысы 9751 6287 241
Қостанай облысы 3241 2692 11
Қызылорда облысы 3212 2817 8
Маңғыстау облысы 3249 2469 39
Павлодар облысы 3663 2514 31
СҚО 3725 2549 17
Түркістан облысы 3144 2773 42

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 409 адам (ауру белгілері барлар – 196, жоқтар – 213) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 63;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 60;
  • Қарағанды облысы – 37;
  • Алматы – 32.

Республика бойынша барлығы 102 696 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 81 558.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 397-ге жетті.

1-15 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 18 465 адам ауырып, 216 науқас көз жұмған (14 тамызда тіркелген науқас саны – 971, көз жұмғандар – 5).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 741 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 109 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 16 452 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 401 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 105 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары