Тікелей эфир

15 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 383 адам тіркеліп, 4 науқас көз жұмды

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 15 192-ге жетсе, соңғы тәулікте 200 науқас емделіп шықты.

15 маусым қорытындысы

Науқастар

15192

Сауыққандар

9388

Көз жұмғандар

81

Симптомы жоқтар

5492

Нұр-Сұлтан 2864 2001 15 688
Алматы 3147 2075 12 880
Шымкент 1158 489 11 619
Ақмола облысы 205 158 6 69
Ақтөбе облысы 538 272 1 147
Алматы облысы 527 357 0 360
Атырау облысы 1324 985 3 528
ШҚО 265 113 1 188
Жамбыл облысы 500 317 1 86
БҚО 991 566 4 322
Қарағанды облысы 1572 665 7 854
Қостанай облысы 233 184 2 54
Қызылорда облысы 507 442 0 158
Маңғыстау облысы 397 251 2 194
Павлодар облысы 383 188 13 59
СҚО 117 50 0 132
Түркістан облысы 464 275 3 154

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 383 адам тіркелді. Өсім 2,6%.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 104 (+3,8%);
  • Қарағанды облысы – 50 (+3,3%);
  • Алматы – 34 (+1,1%);
  • Павлодар облысы – 34 (+9,7%);
  • Шымкент – 25 (+2,2%).

Республика бойынша барлығы 15 192 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 9 388, қайтыс болғандар саны – 81. Ауруханада ем алып жатқандар – 5 723.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 600 симптомсыз тасымалдаушылары тіркелді. Қазақстандағы олардың жалпы саны – 5 492. 3 маусымнан бастап олар бөлек санатқа жатқызылып, жалпы статистикаға енгізілмейтін болды.

Оқи отырыңыз: 14 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 313 адам тіркеліп, 4 науқас көз жұмды


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары