Тікелей эфир

14 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 439 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 102 287-ге жетті.

14 тамыз қорытындысы

Науқастар

102 287

Сауыққандар

80 716

Көз жұмғандар

1 269 (10 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13481 10216 267
Алматы 13794 10606 195
Шымкент 5143 4289 47
Ақмола облысы 3186 2643 55
Ақтөбе облысы 3157 2439 31
Алматы облысы 4799 4113 34
Атырау облысы 10690 9593 35
ШҚО 7707 6322 94
Жамбыл облысы 3977 3391 51
БҚО 6508 5501 71
Қарағанды облысы 9714 5895 241
Қостанай облысы 3220 2667 11
Қызылорда облысы 3212 2811 8
Маңғыстау облысы 3235 2463 39
Павлодар облысы 3645 2486 31
СҚО 3699 2549 17
Түркістан облысы 3120 2732 42

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 439 адам (ауру белгілері барлар – 259, жоқтар – 180) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 85;
  • Алматы – 52;
  • Қарағанды облысы – 39;
  • Павлодар облысы – 35.

Республика бойынша барлығы 102 287 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 80 716.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 377-ге жетті.

1-14 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 17 494 адам ауырып, 211 науқас көз жұмған (14 тамызда тіркелген науқас саны – 828, көз жұмғандар – 13).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 194 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 109 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 457 науқас жатыр. 16 737 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 404 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 79 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Инфографика: coronavirus2020.kz


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары