Тікелей эфир

13 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 258 адам тіркеліп, 3 науқас көз жұмды

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Covid-19 жұқтырғандар саны 14 496-ге жетсе, соңғы тәулікте 227 науқас емделіп шықты.

13 маусым қорытындысы

Науқастар

14 496

Сауыққандар

9056

Көз жұмғандар

73

Симптомы жоқтар

4402

Нұр-Сұлтан 2683 1981 14 520
Алматы 3082 2046 10 722
Шымкент 1107 473 11 492
Ақмола облысы 193 154 4 51
Ақтөбе облысы 516 263 0 115
Алматы облысы 507 328 0 274
Атырау облысы 1287 932 3 431
ШҚО 252 106 1 167
Жамбыл облысы 483 299 1 59
БҚО 937 521 4 270
Қарағанды облысы 1475 644 7 711
Қостанай облысы 218 175 2 46
Қызылорда облысы 493 391 0 100
Маңғыстау облысы 378 234 2 166
Павлодар облысы 346 186 11 46
СҚО 96 49 0 117
Түркістан облысы 443 274 3 115

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 258 адам тіркелді. Өсім 1,8%.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Қарағанды облысы – 56 (+3,9%);
  • Нұр-Сұлтан – 39 (+1,5%);
  • Алматы – 31 (+1,0%);
  • Батыс Қазақстан облысы – 24 (+2,6 %).

Республика бойынша барлығы 14 496 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 9 056, қайтыс болғандар саны – 73. Ауруханада ем алып жатқандар – 5 367.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 620 симптомсыз тасымалдаушылары тіркелді. Қазақстандағы олардың жалпы саны – 4 402. 3 маусымнан бастап олар бөлек санатқа жатқызылып, жалпы статистикаға енгізілмейтін болды.

Оқи отырыңыз: 12 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 366 адам тіркеліп, 3 науқас көз жұмды


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары