Тікелей эфир

12 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 70 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 108 901-ге жетті.
12 қазан қорытындысы

Науқастар

108 901

Сауыққандар

104 203

Көз жұмғандар

1 746 (04 қазан)

Нұр-Сұлтан 14206 13661 317
Алматы 14463 14137 275
Шымкент 5207 5129 71
Ақмола облысы 3531 3310 77
Ақтөбе облысы 3257 3206 35
Алматы облысы 4995 4799 62
Атырау облысы 11153 10746 69
ШҚО 8943 8385 188
Жамбыл облысы 4145 4058 61
БҚО 6890 6765 110
Қарағанды облысы 10357 9895 279
Қостанай облысы 3523 2940 20
Қызылорда облысы 3245 3117 15
Маңғыстау облысы 3362 3000 43
Павлодар облысы 3999 3803 56
СҚО 4231 3921 22
Түркістан облысы 3394 3331 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 70 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Солтүстік Қазақстан облымы – 12;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 11.

Республика бойынша барлығы 108 901 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 104 203.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 771-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 34 913 адам ауырып, 370 науқас көз жұмған (12 қазанда тіркелген науқас саны – 4, көз жұмғандар – 2).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 927 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 77 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 103 науқас жатыр. 824 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары