Тікелей эфир

10 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 722 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 100 164-ке жетті.

10 тамыз қорытындысы

Науқастар

100 164

Сауыққандар

73 702

Көз жұмғандар

1 269 (10 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13205 10001 267
Алматы 13553 8355 195
Шымкент 5114 3865 47
Ақмола облысы 3069 2364 55
Ақтөбе облысы 3108 2317 31
Алматы облысы 4721 4008 34
Атырау облысы 10617 7822 35
ШҚО 7365 5987 94
Жамбыл облысы 3909 3229 51
БҚО 6366 5432 71
Қарағанды облысы 9509 5700 241
Қостанай облысы 3112 2489 11
Қызылорда облысы 3186 2335 8
Маңғыстау облысы 3171 2396 39
Павлодар облысы 3554 2379 31
СҚО 3573 2407 17
Түркістан облысы 3032 2616 42

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 722 адам (ауру белгілері барлар – 348, жоқтар – 374) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 156;
  • Алматы – 120;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 90:
  • Қарағанды облысы – 87.

Республика бойынша барлығы 100 164 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 73 702.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 291-ге жетті.

1-10 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 13 337 адам ауырып, 173 науқас көз жұмған (10 тамызда тіркелген науқас саны – 57, көз жұмғандар – 9).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 171 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. 20 458 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 454 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 104 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары