Тікелей эфир

1 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1 226, пневмониямен ауырған 5 181 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 36 адам, пневмониямен ауырған 30 адам қайтыс болды.
Covid-19 және пневмония жағдайлары бойынша деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін айқындады.
2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, Covid-19 зертханалық расталған жағдайлардың саны – 1 226, соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды. Анықталмаған этиологиясы бар, бірақ коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5 181. Өткен тәулікте пневмония диагнозымен 30 өлім жағдайы тіркелді.
"Кронавирус инфекциясы және пневмонияны есепке алудың өзгертілген тәсілдері аурудың дұрыс болжамдарын жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадрларды, төсек-орындарын, медициналық жабдықтарды, дәрілік заттарды барабар жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл біздің мемлекетіміздің коронавирустық пандемияға бірлесіп қарсы тұруға және оның салдарын халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыста зерттеуге дайын екендігінің ашық саясатын көрсетеді" делінген министрліктің хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция бойынша статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін кодтау алгоритмі мен ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу жөніндегі нұсқаулықты әзірледі, АХЖ-10 жіктемесінде Covid-19 кодтарын тағайындауға қатысты медицина қызметкерлерін оқытты.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары