Тікелей эфир

Астана базарларындағы күзгі азық-түлік бағасы қандай?

informburo.kz
informburo.kz
Астананың қай базарында арзан? Азық-түлікті қай кезде сатып алған дұрыс? Жауап беріп көрдік.

Шарын базары – Астанадағы ішпек-жемекті көтеріп сататын ең үлкен орталық


Шарын базары

Шарын базары / Сурет informburo.kz


Елордадағы көптеген дүкендер мен сауда орталықтарында сатылатын бақша өнімдері мен жеміс-жидекдің көбі осы базардан жеткізіледі. Қауынның көтерме бағасы – келісі 100 теңгеден, қарбыз – 40-45 теңгеден.


Базар ішіндегі көлік сақшылары

Базарға көлік сақшылары да жиі бас сұғады / Сурет informburo.kz


Төмендегі жүкқұжатта жазылған заттардың көтерме бағасына қарайық (бірлігі – кг):

  1. Картоп – 50 теңге;
  2. Пияз сарымсақ – 45 теңге;
  3. Тәтті бұрыш – 90 теңге;
  4. Қызанақ – 150 теңге;
  5. Қияр – 150 теңге;
  6. Капуста– 55 теңге;
  7. Баклажан – 100 теңге;
  8. Сарымсақ – 450 теңге.

Шарын базарындағы 19 бутиктің 21 қыркүйек күнгі ішпек-жемек топ бағасы

Шарын базарындағы 19 бутиктің 21 қыркүйектегі көтерме бағасы / Сурет informburo.kz


Жауып тұрған жаңбырға қарамастан қызып тұрған сауданы көрдік. Базар іші жүк көліктері мен ішпек-жемек тасыған арбакештерге толы.


Қатты жауын да даладағы саудаға бөгет бола алмайды

Қатты жауын да даладағы саудаға бөгет бола алмайды / Сурет informburo.kz


Келген алармандарға ыңғайлы болу үшін барлық көлік түрлеріне базар ішіне кіруге рұқсат етелген. Жеңіл көліктерімен бір реттік кіріп шығу ақысы – 100 теңге, жүк көліктеріне – 200 теңге.

Базардағы жұрттың киімдеріне қарап та күннің әжептәуір суық екенін аңғаруға болады.


Алармандар

Алармандар / Сурет informburo.kz


Шапағат – Астанадағы ең үлкен коммуналдық базар


Шапағат коммуналдық базарының алдындағы сенбілік көлік ағыны

Шапағат коммуналдық базарының алдындағы сенбілік көлік ағыны / informburo.kz


Астана маңындағы саяжайлардан әкелінген жеміс-жидек де көздің жауын алады.


Базардағы қарақат, долана, итмұрн, шырғанақ, алма

Базардағы қарақат, долана, итмұрын, шырғанақ, алма / Сурет informburo.kz


Әжелер өздері жасаған тосаптармен қатар тоқыған қолғап, шұлық секілді бұйымдарды да базарға әкеліпті.


Өздайындағын тосаппен бірге балалардың қолғабын сатып отырған әже

Өзі дайындаған тосаппен бірге балалардың қолғабын сатып отырған әже / Сурет informburo.kz


Елорда халқы тұтынатын жемістердің көбі басқа облыстардан жеткізіледі. Мысалы, жеміс-жидек оңтүстік облыстардан, ал көкөністің басым бөлегі шығыс облыстардан жеткізіліп отыр екен.

Көтерме базардағыға қарағанда күнделікті көп тұтынылатын бақша өнімдерінің әр келісінің бағасына 30-50%-ға дейін қосылыпты.


Картоп, сәбіз бен пияздің бағасы да түсіпті

Картоп, сәбіз бен пияздің бағасы да түсіпті / Сурет informburo.kz


Елорда басшылығы бұл базарды Астанадағы ішпек-жемек бағасының барометрі деп санайды әрі коммуналдық базар ретінде қатаң бақылауда ұстап отыр.


Көк-сөктер де көбейген

Көк-сөктер де көбейген / Сурет informburo.kz


"Қауын мен қарбыздың бағасы әлі көтеріңкі" дейді жұрт. Қауынның келісіне 150 теңгеден, ал қарбызды 60 теңгеден сұрап тұр екен.

Қасқырдан қалыспай ет жейтін қазақтар үшін ет бағасы аса маңызды.


Ет базары

Ет базары / Сурет informburo.kz


Мұнда сатушылар бағаны емін-еркін өзгерте алмайды. Белгіленген бағаны сақтау міндеттелген. Сиыр етінің келісі үшін 1350-1400 теңгеден баға белгілеген, ал қой еті 1500 теңгеден сатылып жатыр.


Жылқы етінің бағасы

Жылқы етінің бағасы / Сурет informburo.kz


Қазір бұрынғыға қарағанда отандық құс өнімдері көбейген.


Құс өнімдері

Құс өнімдері / Сурет informburo.kz


Сүт өнімдерінің бағасы өткен жылғымен салыстырғанда қымбаттай бастаған. Таза табиғи өнімді сатып алу үшін сенімді саудагер керек және таңдай білетіндей өзіңізде тәжірибе болуы тиіс.


Сүт өнімдері

Сүт өнімдері / Сурет informburo.kz


Әлем – елордамыздағы ең үлкен сауда кешендердің бірі

Әлем сауда орталығындағы ішпек-жемек бағасы көтерме базарынан 2-3 есеге қымбат екенін бірден байқайсыз.

Базардағы көптеген заттардың атауы орысша-қазақша аралас жазылыпты. Бірақ күнде базарға келіп жүрген адамдарға түсінікті секілді.


Әлем базарындағы жылқы еті

Әлем базарындағы жылқы еті / Сурет informburo.kz


Жылқы етінің келісі 2000 теңгеден, сиыр және қой еттері 1600-ден басталып тұр. Коммуналдық базарға қарағанда ет бағасы мұнда 15-20%-ға қымбат.


Әлем базарындағы сиыр еті

Әлем базарындағы сиыр еті / Сурет informburo.kz


Күнделікті көп тұтынылатын картоп – 120 теңге, пияз – 120 теңге, сәбіз – 150 теңге, қызанақ – 650 теңгеден сатылып жатыр. Заттың бағасы көтерме сату бағасынан кемі 50-60%-ға қымбат.


Әлем базарындағы көкністер

Әлем базарындағы көкөніс / Сурет informburo.kz


Жемістер мұнда да толып тұр.


Әлем базарындағы жемістер

Әлем базарындағы жемістер / Сурет informburo.kz


Астаналық жылыжай өнімдерін алатындар да бар


"Астана эко стандарт" жылжай кешенінің дүкені

"Астана эко стандарт" жылжай кешенінің дүкені / Сурет informburo.kz


Жылжайда өндіріліп, сауда шығарылып жатқан қызанақтар мен қиярдың бағасының келісі 150 теңгеден басталып тұр.


"Астана эко стандарт" жылжай кешенінің дүкеніндегі қызанақтар

"Астана эко стандарт" жылжай кешенінің дүкеніндегі қызанақтар / Сурет informburo.kz


Жәрмеңке бағалары базардағыдан қаншаға кем немесе...

Елордада әр сенбі-жексенбі күндері басқа облыстардан әкелінген ауыл-шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Ондағы мақсат – елорда тұрғындарын базардан да төмен бағадағы ауыл-шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету. Алайда мұндағы баға коммуналдық базармен қарайлас екенін байқадық. Әрине бірен-саран заттардың бағасы салыстырмалы түрде сәл төмендеу не жоғары.


21-22 қыркүйек күндер Ақтөбе облысы мен Түркістан облысының ауыл-шаруашылқ өнімдерінің жарменкесі болды

21-22 қыркүйек күндер Ақтөбе облысы мен Түркістан облысының ауыл-шаруашылқ өнімдерінің жарменкесі болды / Сурет informburo.kz


Ақтөбе және Түркістан облысынан жеткізілген өнімдердің бағасын көріп қайттық.


Жәрменкедегі ет бағасы кестесі

Жәрмеңкедегі ет бағасының кестесі / Сурет informburo.kz


Зат бағасы Астанадағы коммуналдық базардағы бағалармен негізінен бірдей.


Коп тұтыныатын көктат өнімдері бағасы

Көп тұтынатын бақша өнімдерінің бағасы / Сурет informburo.kz


Мұнда қауын-қарбыз бағасы жеке-жеке 100 және 40 теңгеден сатылып жатыр.


Жәрменкедегі қызған сауа

Жәрмеңкедегі қызған сауда / Сурет informburo.kz


Іздеген адамдар базардан да арзан жерді табады

Базардағы және сауда орталықтарындағы зат бағасын салыстыру үшін гипермаркеттерге мойын бұрдық. Кейбір заттардың базардан да арзан екенін зат сөрелеріне ілінген баға тақталарынан білдік.

Төменде сәбіздің келісі 78 теңгеден, қызылша – 81 теңгеден, картоп – 80 теңгеден сатылуда.


Магнумдағы қызылша мен сәбіз

Магнумдағы қызылша мен сәбіз / Сурет informburo.kz


Зат сөресінен әр келі картоп (Қазақстан) – 84, картоп (Пәкістан) – 149, қырыққабат – 64, пияз – 71, сәбіз – 81, у сарымсақ – 435 теңгеден сатылып жатқанын көруге болады.

Жеміс-жидек сөрелері толып тұр. Алушылар да көп. Қауынның келісі 120 теңгеден, ал қарбыз – 39 теңгеден.


Жемістер

Жемістер / Сурет informburo.kz


Гипермаркеттерде де базардағыдай көкөніс түрлері көп.


Көкөністердің түрі көп

Көкөністің түрі көп / Сурет informburo.kz


Ет және сүт өнімдерінің кей базарлардан қымбат емес екенін байқадық.


Сиыр еті

Сиыр еті / Сурет informburo.kz


Жер асты жолы да базарға айналған

Шапағат базары мен Әлем сауда орталығын жалғайтын жер асты жолын Астана әкімдігі жеке кәсіпкерлердің қолына бергелі 2-3 жылдан асыпты. Бұрын дәрет сасып, қаңсыған жол қазір қайнаған сауда орнына айналған.


Жерасты жолына кірер орынның екі жағындағы қуыстар да сауда орны етіліпты

Жерасты жолына кірер орынның екі жағындағы қуыстар да сауда орнына өзгертілген / Сурет informburo.kz


Жерасты жолының екі жағында сауда қызып тұр. Енді бір жағынан жерасты жолының тазалығы да жақсарыпты.


Жерасты жолының іші

Жерасты жолының іші / Сурет informburo.kz


Шапағатта көне заттар базары бар

Елдің көне заттарын сатып алатын саудагерлер осында отырады.


Көне заттар базары

Көне заттар базары / Сурет informburo.kz


Әр күні әр түрлі заттар келетінін айтқан басқару орнының қызметкері (атын жазбауды өтінді) базар ашылғалы 3 жыл ішінде тек биылдан бастап төбесі жабылған арнайы алаңның жасалғанын айтты. Ішінен көне естелік бұйымдар, ойыншықтар мен ескі киім-кешектерді де көресіз. Тіптен саудагерлердің өздері де көненің көзіндей – қариялар.


80-90жылдардағы мына заттар біраз адамға таныс

80-90 жылдардағы мына заттар біраз адамға таныс / Сурет informburo.kz


Сағат, спорт бұйымдары, күнделікті тұрмыстық заттардың түрі көп. Бағасы да қол жетімді. Онсызда үйде босқа пайдаланылмай жатқан бұйымдарын осында сатуға әкеліп тастайтындар бар екен.

Мұнда тұрған саудагерлер көне заттарды сатып алады да үстеме баға қосып қайта сатады.

Мысалы, жоғарыда тұрған (отвертка) бұрағыш 800 теңге, су ағарға орнататын шүмек 2000 теңге, көліктің кілттері 500-1500 теңге айналасында.

Ал төмендегі сағаттардың бағасы 1000 теңгеден басталады екен.


Бұл қолсағаттар қазір тарихқа айналып барады

Бұл қолсағаттар қазір тарихқа айналып барады / Сурет informburo.kz


Өткен күндерді еске алып, сол дәуірдегі заттарды көріп, өзара әңгімелесіп тұрған адамдарды да көзіміз шалды.


Саудагер мен аларман

Саудагер мен аларман / Сурет informburo.kz


Бұндай ойыншықтармен ойнаған адамдар да көп шығар. Бағасы 100 теңгеден басталады.


70-80 жылдардағы ойыншықтарды да көруге болады

70-80 жылдардағы ойыншықтарды да көруге болады / Сурет informburo.kz


Ескі кітап іздеушілер мен сатушылар мұнда да бар. Кітап бағасы 200-2000 теңге аралығында.


Көне кітаптар

Көне кітаптар / Сурет informburo.kz


"Көненің көзі" демекші, ескіден қалған заттардың сапасы жақсы. Балтаның басы – 2500 теңге. Қасында көп кездесе бермейтін жанығыш тас қайрақ жатыр.


Бұл балта әр үйде болған

Бұл балта әр үйде болған / Сурет informburo.kz


Бұрынғы кезде мұндай бокс қолғабы екінің бірінде бола бермейтін. "6000 теңгеге алсаңыз, арзандатып беремін" – деді сатушы.


Бокс қолғабы

Бокс қолғабы / Сурет informburo.kz


Қорытынды...

Күздік жиын-терін кезіндегі молшылыққа байланысты Астанадағы азық-түлік бағасы сәл де болса төмендеген. Түрлі көкөніс мен жемістерді көптеп сатып алып, қысқа сүрлем дайындағысы келетіндер көбінесе Шарын көтерме сату базарына, коммуналдық базар мен жәрмеңкелерге баратынына куә болдық.

Әсіресе, кешкі базар кезінде, жәрмеңкенің қайтар кезінде "қайту бағасы" деген атпен азық-түліктерді арзандатып сатып алуға мүмкіндік туатынын да ескерген жөн.

Ал Ұлттық даму министрлігі Статистика комитеті таратқан соңғы мәліметтерге қарағанда азық-түліктің бағасына қатысты пәлендей қатты өзгеріс жоқ. Деседе кей заттар сәл қымбат, кейбірі арзандаған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы №137 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес:
  1. Бірінші сортты бидай ұны;
  2. Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);
  3. Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын);
  4. Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);
  5. Картоп;
  6. Сәбіз;
  7. Басты пияз;
  8. Ақ қауданды қырыққабат;
  9. Ақ қант – құмшекер;
  10. Күнбағыс майы;
  11. Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);
  12. Тауық еті (саны мен жұмсақ еті бар жілігі);
  13. Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;
  14. Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);
  15. Тауық жұмыртқасы (I санатты);
  16. Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа);
  17. Сүзбе: майлылығы 5-9%.

Бұрын бұл тізімге қой еті, қызылша, түйіршіктелген қара шай, ірімшік, кеспе, арпа, бидай, сұлы жармалары да кіретін.

Республика бойынша 2018 жылғы 18 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығындағы кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендегідей өзгерген:


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өзгеруі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өзгеруі / ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі


18-і мен 25 қыркүйек аралығындағы кезеңде және ай басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауының баға индексі 100,0%-дан, жыл басынан бері – 100,7% болған.

Алғашқы жарты жылдыққа қарағанда халықтың етті тұтынуы 2%-ға, ауыл тұрғындарының етті тұтынуы 8%-ға азайған.


Халықтың ет және ет өнімдерін тұтыну мөлшері азайды

Халықтың ет және ет өнімдерін тұтыну мөлшері азайды / ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі


Соған қарамастан шілде және тамыз айларында жылқы еті 2%-ға, жыл басынан бері 9%-ға қымбаттаған. Ет бағасының жалпы ел бойынша қымбаттағанын байқауға болады.


Еттің жіліктеп сату бағасының соңғы екі айдағы өзгерісі

Еттің жіліктеп сату бағасының соңғы екі айдағы өзгерісі / ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі


Енді көп тұтынылатын көкөністің бағасын салыстырып көрейік:


Көкөністердің республика бойынша бөлшек сату бағасы

Көкөністердің республика бойынша бөлшек сату бағасы / ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі


Серіктестер жаңалықтары