Әлеуметтік желіні әдеп пен тәртіп тазартады
Расында, ондағы жазбалар мен түсірілімдер халықтың салт-дәстүріне қайшы келмеуге, адам құқығын бұзбауға тиіс. Әсіресе, олардың жас балаларға тигізетін теріс ықпалынан, қоғамдық ахуалды әлеуметтік-психологиялық жайсыздығынан сақтандыру маңызды.
Ұлттық менталитетке, ел руханиятына төнген қатердің алдын алмаса кеш болуы мүмкін.
Әлеуметтік желілер жұмысын шектеу, тыйым салу арқылы емес, өркениетті елдердегідей бірыңғай тәртіп, тұтыну мәдениеті шарттарын енгізу - кезек күттірмейтін міндет деп санаймыз.
(Жазба қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбайдың Facebook парақшасынан алынды)