Көшпенділер мұрасы – тек өткеннің елесі емес
ЮНЕСКО-ның мұндай шешімге келуі – ғасырлар бойы ұлы даланы мекендеген елдердің мәдениет пен өркениетке қосқан үнін мойындау. Бұл үн жаңа заманның да тұғырына айналып отыр.
22 қыркүйек – күн мен түн теңелетін шақ. Табиғаттың өзі тепе-теңдікке келетін осы мезеттің таңдалуы бекер емес. Көшпенді дүниетанымы да дәл осы үйлесімге, табиғатпен жарасымға, уақыт пен кеңістік арасындағы үндестікке құрылған.
Көшпенділер мұрасы – тек өткеннің елесі емес. Ол – бүгінгі жаһандану дәуірінде адамзатқа жетіспей тұрған рухани бағдар да, табиғатпен сөйлесудің тілін үйрететін ұстаз да екенін ұмытпағанымыз жөн.
Қазақстанның осы қарардың тең авторы болуы – өз тамырына деген құрметтің, ал әлемнің оны мойындауы – сол тамырдың тереңдігін көрсететін белгі.
(Жазба Бибігүл Жексенбайдың Facebook парақшасынан алынды)