Көшпенділер мұрасы – тек өткеннің елесі емес

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сенатор Бибігүл Жексенбай ЮНЕСКО-ның шешімі – ғасырлар бойы ұлы даланы мекендеген елдердің мәдениет пен өркениетке қосқан үнін мойындау екенін білдіретінін айтты.

Көшпенділер мұрасына арналған халықаралық күннің бекітілуі – жай ғана дата емес, адамзаттың ұмыт бола бастаған рухани тамырына қайта үңілуі.

ЮНЕСКО-ның мұндай шешімге келуі – ғасырлар бойы ұлы даланы мекендеген елдердің мәдениет пен өркениетке қосқан үнін мойындау. Бұл үн жаңа заманның да тұғырына айналып отыр.

22 қыркүйек – күн мен түн теңелетін шақ. Табиғаттың өзі тепе-теңдікке келетін осы мезеттің таңдалуы бекер емес. Көшпенді дүниетанымы да дәл осы үйлесімге, табиғатпен жарасымға, уақыт пен кеңістік арасындағы үндестікке құрылған.

Көшпенділер мұрасы – тек өткеннің елесі емес. Ол – бүгінгі жаһандану дәуірінде адамзатқа жетіспей тұрған рухани бағдар да, табиғатпен сөйлесудің тілін үйрететін ұстаз да екенін ұмытпағанымыз жөн.

Қазақстанның осы қарардың тең авторы болуы – өз тамырына деген құрметтің, ал әлемнің оны мойындауы – сол тамырдың тереңдігін көрсететін белгі. 

(Жазба Бибігүл Жексенбайдың Facebook парақшасынан алынды)

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Была ли эта статья для вас полезной?
0

  Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

  Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

НОВОСТИ ПАРТНЁРОВ