Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде өзінің міндеті Геннадий Головкиннің жетістігін қайталау немесе одан да асып кету екенін жазды. Оның сөзінше, қазақ даласында туған боксшылардың әлемдік жұлдызға айналуының жаңа кезеңі басталды.

"Біз әлемге QAZAQ STYLE-ды жарқырату жолында аянбай еңбек етіп жүрміз. Шаруамыздың бел ортасына да келдік. Маған көп жанкүйерлер сеніммен қарап отырғанын да білемін. Сенімді ақтап, қастерлі қазақ топырағында аунап өскен қазақтың да әлемді жұдырығына қарата алатынын дәлелдегім келеді. Құдай қаласа дәлелдеймін! Бокс маған кәсіп емес. Бокс маған күнкөріс емес. Бокс басқа жұмыс таппаған соң айналысып жүрген шаруам емес. Бокс – менің өмірім", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.


Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы 26 маусымда америкалық Роб Брантпен Лас Вегаста жұдырықтасады