Прямой эфир Новости спорта

Жәнібек Әлімханұлы 26 маусымда америкалық Роб Брантпен Лас Вегаста жұдырықтасады

Кездесу Василий Ломаченко – Масаеси Накатани бокс кешінің андеркардында өтеді.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлының оппоненті – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің "тұрақты" чемпионы, америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО). Орта салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген және ол 26 маусым күні Лас Вегаста (АҚШ) Василий Ломаченко – Масаеси Накатани бокс кешінің андеркардында өтеді.

Жәнібек Әлімханұлы кездесу күні белгілі болғаннан кейін Twitter желісінде өз дайындығының видеосын жариялады.

Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін соңғы рет рингке 2020 жылғы қазан айында шыққан болатын. Ол аргентиналық боксшы Гонсало Кориюды (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа жіберді.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары