Sports.kz сайтының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлының оппоненті – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің "тұрақты" чемпионы, америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО). Орта салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген және ол 26 маусым күні Лас Вегаста (АҚШ) Василий Ломаченко – Масаеси Накатани бокс кешінің андеркардында өтеді.

Жәнібек Әлімханұлы кездесу күні белгілі болғаннан кейін Twitter желісінде өз дайындығының видеосын жариялады.

Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін соңғы рет рингке 2020 жылғы қазан айында шыққан болатын. Ол аргентиналық боксшы Гонсало Кориюды (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа жіберді.