Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті болып Үміт Шаяхметова сайланды. Оның кандидатурасы вице-президент лауазымына 2024 жылға дейін қызмет ету мерзімімен бекітілді. Осылайша, ол еліміздің олимпиада комитетінің тұңғыш әйел вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады. 

Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев өзінің құттықтау жеделхатында атап өткендей, Үміт Шаяхметованың ұйымның вице-президенті болып сайлануы отандық спорт түрлеріндегі гендерлік теңдікке бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

"Бүгін Бас ассамблея Үміт Болатханқызы Шаяхметованы жетекші орындардың біріне мақұлдап, өте маңызды шешім қабылдады. Инклюзия, ынтымақтастық, әртүрлілік және гендерлік теңдік – Халықаралық олимпиадалық қозғалысты дамытудың негізгі басымдықтары болып саналады және осы саясат пен біздің ұйымға деген міндеттеме абсолютті болуы керек. Біз барлық деңгейдегі әйелдердің спорттағы жетістіктерін көтермелеуге және қолдауға ниет білдіреміз. Ұлттық федерацияларды осы бағытта белсенді жұмыс істеуге шақырамыз. Бүгінгі таңда олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамаларымыздағы әйелдер спортшыларының саны 46 пайызын құрайды. ҰОК әкімшілігінің 59 пайызы әйелдер, соның ішінде басым бөлігі басшылық лауазымдарда. Біз гендерлік теңдікті және спорттағы және оның көмегімен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырамыз", – деді Тимур Құлыбаев.


Оқи отырыңыз: Чемпионы көп, спорт мектебі жоқ ауыл


Айта кетсек, Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитеті Олимпиадалық хартияға сәйкес олимпиадалық қозғалысты дамыту және қорғау, Қазақстан аумағында олимпиадалық құндылықтар – құрмет, достық және артықшылықты насихаттау мақсатында құрылды. ҰОК тағы бір мақсаты – жоғары деңгейдегі қазақстандық спортшыларды олимпиада ойындарына қатысуға дайындау арқылы Қазақстанның жоғары жетістіктерінің спорт түрлерін дамыту. Қазақстан ҰОК президенті – Тимур Құлыбаев.