Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің спорттық мансабын ресми түрде аяқтады. Бұл туралы UFC президенті Дэйна Уайт хабарлады.

"Ол 100% ресми түрде мансабын аяқтады. Сенің қалай жұмыс істейтініңе қараудың өзі керемет еді, бәрі үшін рахмет, досым", – деп жазды Уайт. 

Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы қазанда америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін өзінің мансабын аяқтайтынын хабарлаған болатын. Бұл шешімін ол анасына берген уәдесімен түсіндірді.

32 жастағы Хабиб аралас жекпе-жекте 29 рет ұрысқа түсіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. UFC бойынша оның жеңістерінің саны 13.