Бұл материалда "30/70" ипотекалық бағдарламасы туралы Krisha.kz сайты ұсынған ақпаратқа сүйене отырып түсіндіреміз. 

Ипотека шарттары:

  • Бастапқы жарна – 30%;
  • Пайыздық мөлшерлемесі – алғашқы үш жылда 7-10%, кейін 3,5% болады;
  • Пәтерді тек бастапқы нарықтан немесе салынып жатқан тұрғын үйден үлесті қатысу арқылы алуға болады;
  • Несие сомасы – 90 миллион теңгеге дейін;
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Егер үй әлі салынып жатқан болса, қосымша кепіл ретінде басқа пәтерді қою қажет. Оның құны ипотека сомасының кемінде 70 пайызын жабуға тиіс және салынған мерзімі кірпіш үй болса – 60 жылдан, панельдік үй болса, 50 жылдан аспауы керек. Ол қарыз алушының немесе кепілгердің атында болуы мүмкін. Үй дайын болғанда, сатып алып жатқан пәтерді кепілге қоюға болады.


Оқи отырыңыз:


Егер  қарыз алушыда депозит болмаса, ол 3 жыл бойы тұрғын үйдің барлық құнына аралық несие (7-10%) төлейді. Салымдағы жинақ пәтер құнының 50 пайызына жеткенде, мөлшерлеме 3,5%-ға дейін төмендейді.

Мысал: 30 миллион теңге тұратын пәтерді 11 жылда сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде 9 млн теңге төлеу қажет. Сонда ай сайынғы төлем шамамен 180 мың теңге болады. 11 жыл ішінде несие бойынша артық төлем 7 млн теңгені құрайды.

Әзірге бағдарламаға тек 6 құрылыс компаниясы ​​қатысып жатыр.